Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

 

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
8 қараша 2021 ж. «Әділет» клубының мүшелері, заң факультетінің «құқықтану» мамандығының 314 тобы, «Құқық қорғау қызметі» мамандығының  208 тобы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң  факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының  з.ғ.к., профессоры  Г.М.Атаханова, оқытушы Д.Көшенова, заң факультетінің 421 аудиториясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ » тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.
Шараның басты мақсаты:  Елбасының  Н.Ә.Назарбаевтың «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деген сөзіне сай сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және жою мақсатында студенттер өз пікірлерін білдіру.
 Шараның қысқаша мазмұны: Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталғандығын шараға қатысушылар дәріптеді.

Басылым күні :  23.04.2022