САРТАЕВ ОҚЫЛЫМДАРЫ

 

Кеше, 26.11.2021, заң факультетінде алғашқы "ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, З.Ғ.Д., ПРОФЕССОР 
СҰЛТАН САРТАЙҰЛЫ САРТАЕВТЫ еске алуға және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «САРТАЕВ ОҚЫЛЫМДАРЫ – 2021: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕГЕМЕНДІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ДАМУЫ:  ЗАМАНАУИ АҚИҚАТ, ЖАҢА ИДЕЯЛАР, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕ»" - халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. Сартаева Раушан Сұлтанқызының тікелей қатысуымен конференцияны "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар" ҒЗИ мен Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының "Ел тұтқа" клубы бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияның құрметті қонақтарының бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ҚР ҰҒА Академигі, Химия ғылымдарының докторы, профессор Зулхаир Аймухаметович Мансуров болды. Ол ұзақ жылдар бойы біздің университеттің бірінші проректоры болды (2001-2010). Зулхаир Аймұхаметұлы Сартаев Сұлтан Сартайұлымен бірлескен жұмысының жылы естеліктерімен бөлісіп, өзінің фото мұрағатымен, бірлескен қызметі жылдарында жинаған қызықты фотосуреттерімен бөлісті. Біздің конференцияға қатысқаны үшін Мансуров Зулхаир Аймұхаметұлына алғыс айтамыз.

Басылым күні :  29.11.2021