Баллистика

Ағымдағы жылдың 4-5 қарашасында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары С. Дүзбаева, С. Даубасова, А. Мұратова, А. Жақыш ҚР Күзет ұйымдары қауымдастығының мамандандырылған оқу Орталығымен бірлесіп "Криминалистика" пәнінің "Баллистика"тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді. Сабақтар Долан ауылындағы оқу орталығының аумағында өтті. Орталықтың атыс кешені радио басқарылатын, қозғалатын және пайда болатын нысаналармен жабдықталған түрлі бағыттағы 6 атыс алаңын қамтиды, электрондық лазерлік симулятор, дереу ден қою дағдыларын пысықтауға арналған ахуалдық алаңдар бар.

Басылым күні :  22.11.2021