«Жасөспірімдер қылмысы және нашақорлық» тақырыбында дөңгелек үстел

2018 жылдың 18 қаңтарында заң факультетінің 3 курс студенттері Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасымен, сондай-ақ «Аманат» студенттік клубымен бірлесе отырып Жасөспірімдер қылмысы және нашақорлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның атауы: «Жасөспірім қылмысы және нашақорлық» тақырыбында дөңгелек үстел.
 Іс-шараның өткізілетін күні мен орны: 2018 жылдың 18 қаңтары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 309 ауд.
 Жауапты ұйымдастырушылар: Усеинова Г.Р., Усеинова К.Р., Баймаханова Д.М., Сагинаев М.Е.
 Іс-шараның мақсаты: студент тұлғасының рухани санасын және мәдени тәрбиесін қалыптастыру.
 Іс-шара мазмұны: 2018 жылдың 6 ақпанында 2018 жылдың 18 қаңтарында заң факультетінің 3 курс студенттері Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасымен, сондай-ақ «Аманат» студенттік клубымен бірлесе отырып Жасөспірімдер қылмысы және нашақорлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 Қатысушылар нашақорлыққа қарсы күрес, нашақорлық пен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмаудың өзектілігін атап өтті. Жасөспірімдер арасында ең көп тараған қылмыстық әрекеттер - ұрлық, басқалардың мүлкіне ие болу. Қатысушылар соңғы кездері жасөспірімдердің қолданатын жаңа синтетикалық психотропты есірткі заттары мен темекі түтінді зиянды заттардың пайда болуын атап өтті. «Аманат» студенттік клубының студенттері ата-аналардың балаларын бақылау қажеттігі туралы, сондай-ақ балаларды қылмыс жасаудан тыйатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы баяндама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылардың әрқайсысы жас өспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу және нашақорлыққа қарсы күрес бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.

Басылым күні :  05.03.2018