ТДМ 9. Өнеркәсіп, инновациялар, инфрақұрылым

 

Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін инфрақұрылымға инвестициялар қажет, оның көмегімен азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін, олардың заманауи технологияларға қол жеткізуін және әлеммен байланысын кеңейтуге болады. Инфрақұрылымды жақсарту өмір сүру деңгейінің, Медициналық және білім беру қызметтерінің, сондай-ақ ұялы байланыс және Интернет сияқты жаңа технологиялық мүмкіндіктердің өсуін білдіреді.

 

  • ҚАЗҰУ студенті сот жүйесін оңтайландыратын стартап әзірледі

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Данияр Шадыханов сот-құқық жүйесін цифрландыруға арналған «Smart-Kelisim» жобасын жүзеге асыруда.


Инновациялық стартап елімізде жаңа келісімшарттар нарығын қалыптастыруға және дауды шешудің баламалы жолдарын қарастыруға бағытталған. Сонымен қатар ол мемлекеттік сатып алуда және мәмілегерлік қатынастарда автоматты шарттарды енгізуді көздейді. Шарттың ерекшелігі – заң тілімен емес, бағдарламалау тілінде жазылып орындалуында.


«Мақсатымыз – ақылды келісімшарттар негізінде сот-құқық жүйесін оңтайландыру. Бұл инновациялық шешім – елімізде ғана емес, халықаралық нарықта да жаңа тәжірибе. Сондықтан нарықта сұраныс тудыру үшін жан-жақты зерттеу жүргізудеміз», – дейді жас ғалым.


Жоба авторының айтуынша, ақылды келісімшарт – электрондық бағдарламалау тілінде жазылып, блоктар тізбегінде орын алатын әрі тараптардың еркін білдіретін мәміле-шарт. Тараптар шартты тиісті ақпараттық кешенде құрастырып, енгізеді. Онда көзделген міндеттемелер автоматты түрде орындалады. Оған қоса бұл шартты өзгерту мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, сотта дәлелдемелік күші болады. Бұл дегеніміз – адвокат, нотариус, кеңесші жұмысын алмастыру.


Жобаның жаһандық миссиясы – Блокчейн технологиясы негізінде жасанды интеллектінің өрісін кеңейту. Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша техникалық және ғылыми-теориялық мүмкіндіктерді саралау жұмыстары жүріп жатыр.

 


 

 

 

06.03.2023 ж.

Дубай полициясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, «Болашақ» стипендиаттары – Қаратаева Айгүл, Даубасова Сұлушаш, Аратұлы Қуаныш, Абдрахманов Данияр, Сураева Карина киберқауіпсіздік және цифрлық қауіпсіздік зертханасында болды.


Дубай полициясының өкілдері БАӘ-де кибер және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәжірибесі мен әдістемесін, тетіктерін көрсетіп, бөлісті.