«Латын әліпбиіне көшу: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел.

2018 жылдың 12 ақпаны, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары заң факультетінің 3 курс студенттерімен бірге «Аманат» студенттік клубының ынтымақтастығымен «Латын әліпбиіне көшу: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 Іс-шара атауы: «Латын әліпбиіне көшу: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел.

Іс-шараның өткізілетін орны мен күні: 12.02.2018 ж., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ауд. 309

 Жауапты ұйымдастырушылар: Усеинова Г.Р., Усеинова КР, Д.М.Баймаханова

 Іс-шараның мақсаты: студенттік тұлғаның рухани санасын және мәдени тәрбиесін қалыптастыру.

 Іс-шара мазмұны: 2018 жылдың 12 ақпаны, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары заң факультетінің 3 курс студенттерімен бірге «Аманат» студенттік клубының ынтымақтастығымен «Латын әліпбиіне көшу: артықшылықтары мен кемшіліктері»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар латын қарпіне көшу ұлттық сананың өсуіне, ұлттық құндылықтарды арықарай жетілдіруге және қорғауға өз әсерін тигізетін құрал деп пайымдады. Заң ғылымдарының докторы, профессор Баймаханова Д.М. Ол латын әліпбиінің ғаламторда жүрген нұсқасының жақсы тұстары мен кемшіліктеріне назар аударды. Сонымен қатар, ол қазақ тілінің ерекшеліктерін сақтаудың маңыздылығына тоқтады. Әрі қарай, дөңгелек үстел қатысушылары әліпбидің тарихы бойынша өз пікірлерін, қазақ жазбасының дамуына, латын әліпбиіне негізделген әліпбиді қабылданған басқа түркі елдердің тәжірибесімен бөлісті.

Басылым күні :  05.03.2018