«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Almaty Garden show» Гүлдер фестивалі

2017 жылдың 23 қыркүйегінде «Айналаңды нұрландыр» заң факультеті 3 курс 309 топ студенттері «Аманат» және «Прогресс үшін Одақ студенттік клубтарымен бірлесе отырып «Almaty Garden show» Гүлдер фестиваліне қатысты.

Іс-шараның атауы: «Almaty Garden show» Гүлдер фестивалі

Шараның өткізілетін орны мен күні: 23.09.2017ж., Алматы қ. Гоголь көшесі 1/24

Жауапты ұйымдастырушылар: Усеинова Г.Р., Баймаханова Д.М., Усеинова К.Р., Оспанова Д.А.

Іс-шараның мақсаты: студент тұлғасының рухани санасын және мәдени тәрбиесін қалыптастыру.

Іс-шараның мазмұны: 2017 жылдың 23 қыркүйегінде «Айналаңды нұрландыр» заң факультеті 3 курс 309 топ студенттері «Аманат» және «Прогресс үшін Одақ студенттік клубтарымен бірлесе отырып «Almaty Garden show» Гүлдер фестиваліне қатысты.

Фестиваль ландшафт дизайнына, қоршаған ортаны жақсартуға, бақ-парк өнеріне арналған. Іс-шара барысында студенттерге ландшафтық дизайнерлер мен гүл сататындар «жоғары сән» бағы саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетті. Студенттер «Жапон бағы», «Бақтағы су», «Қалта паркі», «Ислам бағы», «Мобильді бақ», «Қала гүл бақшасы», «Менің сүйікті аулам» деген жобалардың ландшафт дизайнерлерімен танысты. Әрбір осындай бақтың артында қызықты идея, мұқият ойластырған тұжырымдама бар.

Басылым күні :  05.03.2018