«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіншіліктері» атты V "Жас Фараби" мектеп аралық ғылыми-зерттеу конференциясы

            2018 жылдың 14 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіншіліктері»
атты V-мектеп аралық ғылыми-зерттеу конференциясы өткізілді.

            Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаңа жаһандық жағдай туралы айта отырып,
«қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты
 жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді» деп атап өтті. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінің ұйымдастыруымен өткен
конференция дәл осы ойдың негізінде құралғаны байқалып отыр. Жастайынан ғылымға бет бұрған, зерттеу жұмыстарын қолға алып жаһандану дәуіріне
қадам басқан мектеп қабарғасындағы оқушыларды шыңдай түсу, жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру. Талантты жас ғалымдарды анықтап, оларға қолдау

 көрсету, жас ғалымдардың патриоттық сезімін, қоғамдық әлеуметтік жауапкершілігін арттыру болмақ. Аталмыш конференция 5 мәрте өткізіп отыр. Конференцияға
 қатысуға алыс аймақтағы қалалардан да өтініш білдіріп, қатысқандар да табылып отыр, атап айтар болсақ Орал қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі, Кентау
 қаласының №10 мектептерінен Алматы қаласы бойынша химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, №15, №173, №120, №10, №46, №51 №21,
№180, №71, №144, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектептерінің жас ғалымдары қатысты.

            Конференция жұмысы келесідей бағыттағы 3 секцияда өтті.

1-секция биология, химия, География.

2-секция физика, математика, информатика.

3-секция филология, құқық және тарих.

            Конференция жоспарға сай бастау алып ең алдымен бейіндік мектеп директоры Кульжанова Ботакөз Ниязовна қатысушыларды құттықтап, сәттілік тілеп сонымен қатар
 конференцияға қатысу ережелерімен таныстырып өтті.

Қатысушылардың еңбектерін талдап, бағалап жүйріктердің жүйрігін анықтауға университеттің әр факультетінен жоғары білікті профессорлар мен доктор және доценнтер арнайы
 шақыртылды. Қатысушылардың жұмыстарына баға берген сарапшылар: Шокпарова Д.К.,Ерназарова Г.И., Баккара А.Е., Темирбекова А.Н., Ташев Б.А., Ыбрайымова С.С.,
Хасанаева Л.М., Абдикулова Р.М., Мырзахметов М.С., Оналбеков Е.С.

         Өз кезегінде қатысушылар әр секция бойынша орналасып қорғау жұмыстарына кірісіп кетті. Қатысушылардың жұмыстарына яғни қорғауларын көре отырып кемелді болашақ,

көзі ашық көкірегі ояу, салауатты жастар бой көтеріп келе жатқандығына әбден көзіміз жетті. Әр қатысушы өзінің жұмыстарымен қатар болашаққа деген арман мақсаттарын жіте жеткізіп жатты. Көздерінде нұр ойнаған жас ғалымдардың еңбектеріне сүйсіне қарамау мүмкін емес тұғын. Жұмыстарға көз жүгірте отырып жастардың қазіргі таңдағы өзекті мәселелер толғандыратыны сезіледі, осы орайда әрқайсысы өзінің шама шарқына қарай орын алып жатқан олқылықтарды қалпына келтіру жайында жоспарларымен де таныстырып өтті. Барлық секциялар бойынша қатысушылар жұмыстарын өткізіп, қорғауларын аяқтап, қазылар алқасы ақылдасып жеңімпаздарды анықтауға кірісті. Қазылар алқасы барлық жұмыстар бойынша сараптама жүргізіп, топ жарған жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар әр секция бойынша I, II, III орындармен марапатталды. Балаларының жетістіктеріне қуана келген ата-аналар және ғылыми жетекшілері өз кезектерінде ұйымдастырушы тарап яғни бейіндік мектеп директоры және мектеп ұжымына жүрек тебіреністері мен үлкен алғыстарын жеткізіп жатты. Бізде өз тарапымыздан болашақ жас ғалымдарға ғылым жолында биік белестерді бағындыруды тіледік.

Болашақтың бүгіннен басталатынын білетін әр жас тәуелсіз Қазақ­станның мемлекеттілігін ны­ғай­ту­ға бар білімін, бар білі­гін жұм­сай­ды деп сеніммен айта аламыз.

 

 

 
 
           
           

 

 Шакирова М. Н.- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

бейіндік мектебінің қазақ тілі пәні оқытушысы


     

 
  

Басылым күні :  26.02.2018