Кафедраның тарихы

 


АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

Кафедра тарихы: 1971 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры У. А. Жолдасбековтың ұсынысы бойынша ең алғаш Қазақстанда тарих факультетінде археология және этнология кафедрасы ашылды. Қазіргі таңдағы республикада және оның сыртқы аумақтарында жоғарымаманданған кадрлар дайындау орталығыархеология, этнология және музей ісі болып табылады. Кафедра меңгерушісі болып Қазақстанда танымал археолог А. М. Оразбаев шақырылды.

Бұл маманданған кафедраның ашылуына Қазақстандағы археологиялықэтнологиялық ғылымның интенсивті дамуы әсер етті. Әсіресе ХХ ғ. екінші жартысындағы маманданған археологтар мен этногрофтарды талап етті. Осы кафедрада университеттегі тарих факультетінің археологиялық және этнографиялық мұражайына негіз болған археология және этнография кабинеті құрылды.

Кафедраның құрылған күніннен бастап, оны Қазақстандағы әйгілі ғалымдар басқарды. 1971 жылдан бастап 1974 жылға дейін - т.ғ.к., доцент А. М. Оразбаев, 1974 жылдан бастап 1988 жылдар аралығында - т.ғ.д., профессор У. Х. Шалекенов және 1989 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында - т.ғ.д., профессор А.Т. Төлеубаев, 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін -т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш.

Әр жылы кафедрада Қазақстандағы атақты ғалымдар лекция оқыдыакадемик А. Х. Марғұлан, т.ғ.к., Х. А. Алпысбаев, т.ғ.к., С. М. Ақынжанов, профессор Арғынбаев, профессор К. А. Ақышев, ҚР ҰҒА Академигі О. И. Исмағулов сонымен қатар Ресей профессорлары М. П. Грязнов, С. С. Черников, Ю. А. Заднепровский, профессор Клоудия Чанг (США).