Кафедраның өмірі

Археология, этнология және музеология кафедрасы

Археология, этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандықтары бойынша жоғары квалификациялы мамандар дайындау тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндет болып табылады.

Еуразия аймағындағы ұлан-байтақ Қазақстанның территориясында қола дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырларға дейінгі уақытта этномәдени және этно-саяси үрдістер мол болды. Осы орайда, археологиялық және этнологиялық зерттеулер жүргізетін теориялық және практикалық білімі бар жоғары квалификацияланған мамандардың қажеттілігі ұдайы байқалады.

Осы тарапта, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің археология және этнология кафедрасы қоғамның маңызды саяси - әлеуметтік тапсырысын орындайды. Кафедрада ежелгі дәуірлердегі этникалық тарихты, оның этнографиясын, этно-мәдени үрдістерді зерделейді, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және музей ісі мамандарын дайындайды.

Болашақ тарихшы - археолог, этнолог, музейтанушы мамандарын дайындау жоғары сапамен қамтамасыз етуге бағытталған Археология және этнология кафедрасының профессор – оқытушылар ұжымының қызметі «Білім туралы» заң, ҚР Үкіметінің қаулылары, Білім және Ғылым Министрлігі заңдары және «Университеттің даму жоспары» ережесі сондай-ақ, Мемлекеттік білім беру стандарттары, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта археология және этнология кафедрасында төмендегі мамандықтар бойынша мамандар дайындау функциясы жүзеге асырылады:

5B020800 – Археология және этнология, 5B041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім беру.

Университетті бітіргеннен кейін келесі мамандықтар бойынша кәсіби терең білім беру жүзеге асады: 6M020800 - Археология және этнология, 6M041900 - Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, 6D020800 - Археология және этнология.

Археология ғылымы археологиялық қазбалардың негізінде архаикалық және ортағасырлық қоғамдардың өмірі мен қызметтерін саралайды , оған реконструкция жасайды. Сонымен қатар, археологтар өздерінің материалдарын көне және ортағасырлық жазба деректерімен салыстырып зерттейді.

Этнология ғылымы халықтың этногенезі мен этникалық тарихын, этностың шаруашылық - мәдени типін, әлем халықтарының этникалық және этно - мәдени процестерін зерделейді.

Сондай-ақ, қазіргі Қазақстандағы барлық этникалық топтардың этнографиясын зерделеп, зерттейді. Полиэтникалық мемлекет жағдайында этникалық және этнос аралық үрдістерге мониторинг пен сараптама жасау мәселесі өзекті болып табылады.Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы ұлт-аралық қатынастарды үйлесімді түрде реттеу негізіндегі ұлттардың татулығы мен тұрақтылықтың тәжірибесін зерттеу де өзекті болып табылады.

Кафедраның негізгі жұмыстарының бірі - мәдениет ескерткіштерін қорғау мен сақтау, мұражай ісі жөніндегі жоғары сапалы мамандарды дайындау қажеттілігі ұдайы көрініс табады.

Кафедра алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ол жаңа технологиялар мен оқыту методикаларының әдіс-тәсілдерін жетілдірумен қатар, ҚР БҒМ жанындағы А. Х. Марғұлан атындағы археология институты, ҚР БҒМ жанындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Ресейдің және басқа да көршілес мемлекеттердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, жыл сайын студент-магистранттардың қатысуымен өтетін археологиялық және этнографиялық экспедицияларын ұйымдастыру болып есептеледі.