Іс-шаралар күнтізбесі

«Этнолог» клубының кезекті жиыны

12.02.2019

«Этнолог» клубының кезекті жиынында «Фараби әлемі» жас ғалымдар конференциясына студенттердің дайыдығы тексерілді. Клуб мүшелері және кафедра меңгерушісі Омаров Ғ.Қ. қатысуымен әр студенттің ғылыми жұмыстары жеке-жеке қарастырылып, сын-пікірлер айтылды.

Ары қарай оқу >>

Археологиялық зерттеулердегі жаратылыстану әдістерін қолданудың маңызы

20.01.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетіне «Геоархеология»  халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасы тарих, археология, этнология, антропология, жаратылыстару, биология, физика, химия, геоморфологиясалаларының ғалымдары, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, қорық және тарихи-өлкетану музейлері және ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлерінің қатысуымен «Археологиялық зерттеулердегі жаратылыстану әдістерін қолданудың маңызы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Милли фольклор» журналының бас редакторы Оджал Огуздың дәрісі

21.12.2018

Түркияның ЮНЕСКО-дағы ұлттық комиссиясының төрағасы, ТҮРКСОЙ Ұлттық комиссиясының төрағасы, «Милли фольклор» (Web of science, Scopus) журналының бас редакторы, Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры ОДЖАЛ ОГУЗ археология, этнология және музеология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына, докторанттар мен магистранттарға "Милли фольклор" журналындағы қазақстандық жарияланымдар атты дәрісін оқыды.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында дөңгелек үстел

13.12.2018

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен ҚР-ның тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Әңгіме барысында қазақ халқының тәуелсіздікке жетер жолындағы өткені талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Таза сессия

12.12.2018

«Таза сессия» тақырыбында «Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Студенттерге қорытынды емтихан ережелері (экзамен) таныстырылып, студенттер үлгерімінің аттестациясындағы өзгерістер талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Музей түні

06.12.2018

«Археология, этнология және  музеология» кафедрасының оқытушылары, 2 курс магистранттары және ҚазҰУ музейінің қызметкерлерінің ұйымдастырумен "Музей түні" іс-шарасы ҚазҰУ музейінде аталып өтті. Кеш қонағы болып тарих факультетінің деканы М.С. Ноғайбаева, ҚазҰУ музейінің директоры Ардақ Жұмекеевна, археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Ғ.Қ. Омаров сөз сөйледі. Университет оқытушылары, студенттер мен келген қонақтарға сан алуан қызыққа толы бағдарламалар мен жанды қойылымдар ұсынылды.

Ары қарай оқу >>

1 курс студенттері арасында өткізілген «Mister history» сайысы

30.11.2018

1 курс студенттері арасында «Mister history» сайысы өткізілді. Сайыста өзінің актерлық таланттары мен тарихты білу деңгейін көрсете білген әр мамандықтан бір адамнан қатысты. «Mister history» атанып, бас жүлдені «Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенті Шамшыханов Мұхтархан жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел

21.11.2018

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақаланы талқылау барысында студенттер бұл мақала бүгінгі күнге дейін жасалған археологиялық және басқа да салалардағы жұмыстарды мойындау және жастар үшін болшаққа серпін деп қорытынды жасады.

Ары қарай оқу >>

«Археология және этнология» мамандығы 1 курс студенттерінің мәдени демалысы

17.11.2018

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттері Мұхтар Әуезов атындағы театрға барып, «Бейбарыс сұлтан» қойылымын тамашалады. Қойылымды тамашалау студенттер үшін өте қызықты болды, әрі олар танымал актерларды көре алды. Сонымен қоса, студенттер қойылым мен Бейбарыс сұлтан тұлғасының тарихын салыстырып, тарихты өз көздерімен көргендей болды.

Ары қарай оқу >>