Қазақстан Республикасының бастамасымен «Ядролық қарудан жалпы бас тарту» бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысы тақырыбында іскерлік ойы

2016 жылы 6 желтоқсанда Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында Қазақстан Республикасының бастамасымен «Ядролық қарудан жалпы бас тарту» бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысы тақырыбында іскерлік ойын өткізілді (ҚР Бірінші Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың күніне арналған)


Қатысушылар: «халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенттері, орыс бөлімі.

Іскерлік ойынның мақсаты:

-халықаралық конференциялар мен жиналыстар өткізу ережелерін игеру;

- студенттермен дипломатиялық протокол және этикет ережелерін игеру;

- мемлекеттің қазіргі позициясына сәйкес тақырып бойынша негіздеу және ұсыныстар енгізуді үйрену.

Міндеттері:

1) халықаралық конференцияларды өткізу ережелерін, дипломатиялық протокол және этикет нормаларын тәжірибеде қолдану;

2) жария сөйлеу қабілеттерін дамыту;

3) пікірталас жүргізу деңгейін және өз көзқарасын негіздеуді дамыту.

Күн тәртібі: Ядролық қаруды толықтай жою және әзірлеуге тыйым салу мәселелері.

Жиналыс мақсаты: күн тәртібінің мәселесі бойынша тараптар позицияларын келістіру және қарар нысанында шешім қабылдау.

Іскерлік ойын қатысушылары: Бас хатшы (әрі қарай - БХ) – Усенбаев Б. (4 курс студенті) және 15 елдің делегаттары: Қазақстан, Ресей, АҚШ, КХР, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Бразилия, КХДР, Куба, ОАР, Пәкістан, Израиль, Үндістан. Әр елді 3 делегат таныстырды (4 курс студенттері).

Іскерлік ойынды жүргізу тәртібі:

1. БХ, ХҚ-40,42 топтарының старосталары Максатова А. мен Жанаева А. аудиторияны жиналыс өткізуге дайындайды.

2. Әрбір делегацияның басшысы болуы тиіс.

3. БХ қатысушыларға сөз беру арқылы жиналысты бастайды, пікірталас жүргізеді, конференцияның қорытынды актісін әзірлейді.

4. Әрбір делегацияның өкілі күн тәртібі бойынша өз елінің позициясын 3 минут ішінде жариялайды.

5. Делегаттар сөзінен кейін БХ даулы мәселелерді анықтайды, оны делегациялар талқылау бастайды. Талқылау регламентін БХ жариялайды. Оның сақталуын қарайлайды.

6. Талқылаудан кейін БХ қорытындылайды және қорытынды актіні талқылауды ұсынады. Барлық қатысушылармен қабылданған ұсыныстар актіге жазылады.

7.  Қатысушылар келесі жиналыс туралы шешім қабылдайды, егер оны қажет деп тапса.

8. Қорытынды актіні жариялау және жиналысты қорытындылау.

Қорытынды бөлімде магистрант Жандосова Ж., доцент Баймагамбетова З.М. сөз сөйледі, келесі белгілер бойынша жүргізілген іскерлік ойынға сараптама жасады:

1) халықаралық конференцияларды өткізу ережелері, дипломатиялық протокол және этикет нормалары сақталды;

2) әрбір мемлекеттің геосаясат және дипломатиялық протокол ерекшеліктері есепке алынды;

3) өз позициясын басқаларға жеткізуге мүмкіндік болды;

4) пікірталас тиімді болды;

5) қарар мазмұны ортақ мүддеге сәйкес келеді.

Жиналысқа доценттер Татаринов Д.В. және Досымбекова М.С. өз бағаларын берді: іскерлік ойынның мақсаты орындалды, барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Ең жақсы топтар мен мемлекеттер позициялары атап өтілді.

Ұйымдастырушылар: доценттер Татаринов Д.В., Баймагамбетова З.М., Досымбекова М.С., магистрант  Жандосова Ж.

Басылым күні :  26.12.2016