Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын халықаралық-құқықтық қорғауға арналған ашық лекциясы

2016 ж. 25 қазан, сағат 11.00-де мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын халықаралық-құқықтық қорғау жөніндегі ашық дәріс өткізілді.

         Дәріс спикерлер – халықаралық тренерлер (шақырылған қонақтар):
          Мариета Димитрова, коммерциялық емес құқықтың Болгар орталығы (BCNL) заңгері.
Соңғы 15 жыл ішінде азаматтық қоғам мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғауды дамытуға байланысты әр түрлі жобалар бойынша жұмыс істеген.     Надежда Георгиева - болгар суретші, иллюстратор және графикалық дизайнер.


    Студенттермен бұл кездесу Сорос Қазақстан қорының адам құқықтары жөніндегі ұйымдастырушы, Айжан Ошакбаеваның қолдауымен ұйымдастырылды.


       Дәріс барысында мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын (Қазақстан 2015 жылы Конвенцияны ратификациялаған) іске асыру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. «Халықаралық құқық» мамандығының  3 және 4 курс студенттері  талқылау және ойын ситуацияларына қызығушылықпен қатысты, олар мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға әлеуметтік бейімделу үшін жақсы жұмыстар үшін жеке үлес қосуға, толерантты болу туралы өз ойларымен бөлісті.

 Ұйымдастырушылар: проф. Айдарбаев С.Ж., доцент Баймагамбетова З.М.

Басылым күні :  07.11.2016