Халықаралық құқық мамандығы бойынша студенттер мен магистранттарға арналған ССБА (РФ) доценті И.М. Лифшицтің «ДСҰ құқығы» бойынша дәрісі

        әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және сыртқы сауданың Бүкілресейлік академиясы арасындағы әріптестік жөніндегі Келісім-шарт негізінде ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында біліктілікті көтеру бағдарламасы бойынша апта бойы з.ғ.к., доцент Лифшиц Илья Михайлович жұмыс істеді.

          Халықаралық қатынастар факультетінің басшылығы, сонымен қатар, халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор С.Ж.Айдарбаев және өзге де кафедра оқытушылары ҚазҰУ-дың 2016 жылы университтердің QS рейтигінде 236 орынды иеленіп әлемнің жоғарғы 250 университетінің қатарына енуіне жол ашқан инновациялық педагогикалық технологияларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Бірлесе жүргізілген талқылаулар нәтижесінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы  аясында студенттермен алмасу, бірлесе мақалалар жариялау, ҚазҰУ-да ССБА қолдауымен «ДСҰ орталығын» ашу бойынша іс-шаралар жоспарланды. Қазақстанның жетекші университетінің оқытушыларының және ССБА ғылыми мектебінің күш біріктіруі студенттерді даярлауды жетілдіруге және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға үлесін қоса алады. 

         Ұйымдастырушы: PhD докторы , доцент Баймагамбетова З.М.

Басылым күні :  14.10.2016