Аналар күніне арналған «Аналар – асыл жандар» атты шығармашылық кеші

Аналар күніне арналған «Аналар – асыл жандар» атты шығармашылық кеші

2016 жылдың 16 қыркүйегінде  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық мамандығының 3-курс студенттерімен елімізде жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде ресми түрде аталып өтілетін аналар күніне арналған « Аналар – асыл жандар » атты шығармашылық кеші өтті. 

 Іс-шараның  мақсаты: студенттерді жан-жақты ашу, өміріміздің мәні де, сәні де бола білген аналарымызды құрметтеуге және қадірлеуге шақыру.

Міндеттері:

- Елімізде жыл сайын кыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін

«Аналар күнін » дәріптеу;

- Студенттерге аналарына деген ыстық махаббаттарын жеткізуге мүмкіндік бере отырып, студенттерді кішіпейілдікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге шақыру;

- Студенттердің қоғамдық өмірге араласуына, өздерін жаңа қырларынан ашуға септігін тигізу.

Кеш барысында ақпараттық технологиялар қолданыла отырып, біздің елімізде осы мереке қалай және қашан енгізілгендігі туралы мәліметтер ұсынылды. "Ана" сөзінің әртүрлі тілдердегі аудармасы және әлемдегі ұлы тұлғалардың аналары туралы презентация жұмысы студенттермен дайындалып, ұсынылды. Сонымен қатар, кеш барысында студенттеріміз ән салып, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова сияқты танымал ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін оқып, өз туындылары, өлеңдерімен де тәнті етті. Сондай-ақ аталмыш тақырыпқа қатысты сахналанған үзінді көрсетіліп, студенттер өздерін жаңа қырларынан таныта алды. Кеште арнайы халықаралық қатынастар факультетінің студенттері қатыстырылып түсірілген арнайы видеожазба көрсетілді. Кеш барысында ана туралы әсем әуендер шырқалды. Іс-шараның соңында студенттерге аналарына « Мен сені жақсы көремін» деген хабарлама жазып, өз сезімдерін жеткізу ұсынылды. Студенттер бұл ұсынысты жылы қарсы алды.

Кештің ұйымдастырушылары: Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының 3 курс студенттері, оқытушылар: PhD докторант, аға оқытушы Нысанбекова Л.Б., з.ғ.к. Жайлау Ж., доцент, з.ғ.к. Досымбекова М.С.

Басылым күні :  04.10.2016