"Шетел әдебиетінің қызық әлемі" атты іс шара

2016 ж. 11 наурызда халықаралық құқық факультетінде Шетел әдебиетінің қызық әлемі атты іс шара өтті. Оның бастамашы халықаралық құқық кафедрасының доценті Досымбекова Мариям Сұлтанқызы болды. Шақырылған қонақтардан Баймағамбетова З.М. қатысты.

Студенттер бірнеше топқа бөлінді. Әр топ белгілі бір тапсырманы орындады. Кіріспе бөлімінде студенттердің шетелдік жазушылардың сүйікті шығармалары ұсынылды. Олар Ф.С.Фицджеральдтің «Великий Гэтсби», Дж.Оруэллдің «1984» Рэй Бредберридің «451 градус по фаренгейту» жазушылардың өмірбаянын, негізгі мәтінін, қысқа сюжетін көрсетті. Презентация өте қызықты өтті.

Келесі топ көрермендерді эрудиция мен шетелдік әдебиетті білуін тексерді. Бірінші тапсырмада студенттер кітаптің бастапқы мұқабасынан табу керек еді. Келесі қадамда ребус арқылы шығарманы табу қажет. Келесі топ шығармалврдың үзінділерін басты кейіпкерлердің атын және оқиғаларын сипаттамасы бар тест сұрақтарын дайындаған. Ендігі тапсырманың мәні студенттердің білімдерін тексеріп қана қоймай олардың логикасын да тексеру. Берілген сөз қатарынан артық сөзді табу керек еді. Тәрбие сағатының соңында сөзсіз шығарма мәтінін көрсететін ойын ойнатылды.

Өткізілген шараның қортындысы бойынша жеңімпаздар жарияланып, құттықтау создері айтылды. Бұл тәрбие сағаты жасөспірімнің салауаттық деңгейін анықтап және де пайдалы шығармалардан мағына табуға шабыттандырады. 

            

Басылым күні :  20.03.2016