«Еуропалық Одақтағы құқықтық ғылымның заманауи ахуалы мен келешектегі дамуы»

2014 жылы 17-ші қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық және дипломатиялық аударма кафедрасы «Еуропалық Одақтағы құқықтық ғылымның заманауи ахуалы мен келешектегі дамуы» атты тақырыбында Халықаралық ғылыми – тәжірибелік семинар өткізді.

Негізгі баяндамашы Париж университетінің (University Paris Sud) профессоры, ғарыштық және телеқатынас құқық институтының директоры Филипп Ахилес болды. Халықаралық семинарға Алматы қаласының түрлі жоғары оқу орындарынан 50-ден астам оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Семинар мақсаты: заманауи ғылымның өзекті мәселелерінің шешімін іздестіру және ғалымдар, оқытушылар, аспиранттар, докторанттар мен мүдделі тұлғалардың арасында ғылыми теориялық және тәжірибелік білімін кеңейту.

  

Басылым күні :  01.03.2015