Халықаралық қатынастар факультетінде Норвегия Корольдігінің Елшісімен кездесу өтті

Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстандағы Норвегия Корольдігінің Елшісі Уле Бьерн мырзамен кездесу өтті. Норвегия делегациясының қатарында, сонымен қатар, Норвегия Корольдігі СІМ-нің Ресей, Евразия және аймақтық ынтымақтастық Бөлімі директорының орынбасары Хелен Санд Андерсен ханым болды.

Кездесу барысында білім беру және зерттеу бағдарламаларында, академиялық мобильділік пен Норвегияның ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты қамтитын ЖОО аралық ынтымақтастықта скандинавиялық бағытты дамыту мәселелері талқыланды.

Уле мырза Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің ҚР дипломатиялық кадрларын даярлауда маңызды орын алатынын айтып өтті. Сонымен қоса, Елші факультет басқармасына «Елші сағаты» үшін алғыс айтты. Өткен жылдары Елшінің өзі бұл сағаттың қатысушысы болатын және студенттермен жақын арада қайта кездесетініне үміт білдірді.

Халықаралық қатынастар факультеті өкілдері ретінде декан, ю.ғ.д., профессор Айдарбаев С.Ж., декан орынбасары, PhD докторы Жекенов Д.К. халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Чукубаев Е.С. және БҰҰ Аймақтық орталығының директоры PhD докторы Деловарова Л.Ф. қатысты.



Басылым күні :  21.02.2018