Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

Іс-шара атауы

Өткізу уақыты

Сипаттамасы

Фото

8 «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының дамушы мемлекеттерге әсері» атты дөңгелек үстел 29.11.2018

29 қараша 2018 жылы «Шығыс жұлдызы» үйірмесінің 10 жылдығына орай Халықаралық қатынастар факультеті «Шығыс жұлдызы» үйірмесі ұйымдастырған «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының дамушы мемлекеттерге әсері» атты тақырыптағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Шығыс жұлдызы» үйірмесінің жетекшісі т.ғ.к, доцент Балаубаева Б.М. және Аймақтану мамандығының 4-курс студенттері ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты студенттерді «Шығыс жұлдызы» үйірмесінің 10 жылдық тарихымен таныстырып, АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық қатынастың ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдетіп, өз ойларын түсіндіре алу, жұрт алдында сөйлей біле алу қабілетін нығайту болып табылады. Баяндамашы студенттер АҚШ пен Қытай секілді ұлы державалардың бір-біріне өзара ықпалы мен әлемдік экономикаға тигізер әсерін саралай отырып, екі мемлекет арасындағы сауда соғысының Қазақстан экономикасына әсерін талқылады. Атап айтқанда, Әбдікамал Азат,Амангелді Айжарқын «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысына АҚШ ұстанымы», Қалиахмет Ақсауле, Бағдаулетқызы Сағыныш, Жұманбаева Ләззәт «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының Қытайдың ұстанымы», Абет Еңлік, Кішібаева Шынар «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының әлемдік экономикаға әсері», Тоқбазар Әлішер, Шақырған Сая «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының дамушы елдерге әсері (Қазақстанның мысалында)» атты тақырыптарда презентациялар қорғады. Презентациялар соңында 4-курс студенті Лесбаева Бағдат «Ойлайық та ойнайық» викторинасын өткізіп, дөңгелек үстелге қатысушыларды таң қалдырды.

            Дөңгелек үстелдің қонағы т.ғ.д, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы АҚШ пен Қытайдың әлемдік экономикада жүргізіп отырған саясатының ерекшеліктерін айқындай отырып, студенттердің ғылыми ойлау қабілетінің жоғарғы деңгейде екенін атап өтті. Баяндамашылардың жұмысына жоғары баға беріп, дөңгелек үстелге қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстел соңында ең үздік баяндамашылар анықталып, арнайы сертификаттар тапсырылды. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтіп, үйірме жетекшісі Балаубаева Б.М қорытынды сөзімен аяқталды.
7

«Ромео мен Джульетта» көркем фильмінің көрсетілімі 


 07.12.2017 Роман зерттеулері орталығы "

Талейран " 

дипломатиялық клубымен бірселесе отырып, халықаралық қатынастар факультетінің студенттері үшін Ф. Дзеффиреллидің атақты фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

Көрсетілімнен кейін студенттерге арналған викторина және фильмді талқылау орын алды.

 
6
"1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні!"атты мәдени шара 30.11.2017 «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2017 жылы 30 қараша күні сағат 18.30 аймақтану мамандығының 1-2-3 курс студенттерінің қатысуымен ҚР Бірінші Президенті күніне орай ұйымдастырылған "1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні!"атты мәдени шара өткізілді. Ұйымдастырушылар: доц. Чукубаев Е.С., доц.Алипбаев А.Р., Бюжеева Б.З.
5

 «Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі» атты дөңгелек үстел

 29.11.2017  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2017 жылдың 29 қарашада  Халықаралық қатынастар факультетінде «Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар: Дипмиссия клубы, доц. Әліпбаев А.Р., Бюжеева Б.З., Балаубаева Б.М.  
4
 "Қазіргі кездегі әлемдегі НАТО-ның рөлі" атты дөңгелек үстел  22.11.2017  

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2017 жылдың 22 қараша күні "Қазіргі кездегі әлемдегі НАТО-ның рөлі" атты дөңгелек үстел өткізілді. Қызу пікір талас барысында студенттердің сауалнамаларына кафедра оқытушылары Қ.Беков, А.Р.Әліпбаев өз ойларымен бөлісті. Ұйымдастырушылар: Дипмиссия клубы, доц. Әліпбаев А.Р., Бюжеева Б.З.

 
3
 «Қайраткерлердің саяси портреті» атты дөңгелек үстел  22.11.2017  

“Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында халықаралық қатынастар факультетінде 2017 жылдың 22 қараша күні Жас дипломаттар клубының ұйымдастыруымен «Қайраткерлердің саяси портреті» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аймақтану мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты. Ұйымдастырушылар: Жас дипломаттар клубы, доц. Бюжеева Б.З., Әліпбаев А.Р.

 

 
2
«Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру көрінісі» атты дөңгелек үстел 20.09.2017

“Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында Жас дипломаттар клубының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру көрінісі» атты дөңгелек үстел 2017 жылдың 20 қыркүйек күні  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде өткізілді. Оқытушылар, магистранттар мен студенттер шақырылды. Ұйымдастырушылар: доцент Әліпбаев А. Р., Бюжеева Б.З., Оңдаш А.

1

«Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел 

19.09.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ жәрдемдесу орталығы және БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде тізілімдік консультативтік мәртебесіне ие, «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры, ҚР БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің  (Алматы) қолдауында 2017 жылдың 17 қыркүйегінде «Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел БҰҰ Халықаралық бейбітшілік күні, БҰҰ Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою үшін күрес күні және ҚР Президентінің Семипалатинск ядролық полигонын жабу туралы Жарлығының 26 жылдығына орайластырылды.

Дөңгелек үстелдің жұмысында Дипломатиялық корпус, ҚР-да аккредителген халықаралық ұйымдардың өкілдері, СЯП сынауларының тікелей қатысушылары, БҮҰ және академиялық қауымдастықтың өкілдері қатысады.