"Қазіргі замандағы адам құқығы: негізгі тәсілдері, мәселелері мен болашағы" атты дөңгелек үстел

БҰҰ-ның көмек көрсету орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың Халықаралық Қатынастар факультеті Алматы қ. БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаментімен бірлесе отыра сіздерді 2017 ж. 11 желтоқсан күні <<Қазіргі  замандағы адам құқығы: негізгі тәсілдері, мәселелері мен болашағы>> атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Халықаралық коғамдастық 10 желтоқсан xалықаралық адам құқығы Күнін(Human Rights Day)атап өтті. 
1948 жылы дәл осы күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы адам құқықтары жөніндегі алғашқы әмбебап xалықаралық акт болып табылатын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. 
Дөңгелек үстелді өткізу бастамасы Халықаралық қатынастар факультетіндегі ағылышын бөлімінің 2 курс студенттеріне тиесілі, олар Адам құқықтарын қорғау және кеңейту мәселелері бойынша пікірталасқа жастардың белсенді қатысуы барлық деңгейдегі проблемаларды шешуге өз үлесін қосатынына сенімді.
Қатысушылар дөңгелек үстел шеңберінде келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады: «Адам құқықтарының жалпы декларациясы: тарихы, мазмұны және маңызы», «Бүкіл әлемде адам құқықтарын бұзу мәселесі», «Қазақстандағы адам құқықтарының рөлі мен маңызы» және «Ядролық қаруға қарсы қоршаған орта құқығының және бейбітшілік құқығының контексінде Қазақстанның бастамалары».
Дөңгелек үстел интерактивті және жанданған атмосферада өтті.
Қатысушылар іс-шараның ұйымдастырушысы Властимил Самекке өз алғыстарын білдірді және осы бағытта жұмыс пен зерттеулерді дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.


Басылым күні :  07.12.2017