«Орталық Азиядағы азаматсыздықтың алдын алу және азайту» атты ашық дәрісі

                                      Ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді 2017 жылы 14 қарашада өтетін «Орталық Азиядағы азаматсыздықтың алдын алу және азайту» атты ашық дәрісіне шақырамыз.

Дәрісті Орталық Азиядағы БҰҰ БЖКБ-нің өңірлік өкілдігі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ-ның аймақтық ресурстық орталығы  ұйымдастырады.

Азаматсыздық барлық өңірлерді қамтитын жаһандық мәселеге айналды және ол бүкіл әлемдік қауымдастықты, ұлттық мемлекеттерді, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды, азаматтық қоғамды және академиялық қоғамдастықты біріктіретін жаңа тәсілдерді талап етеді.

БҰҰ БЖКБ “2014-2024 жылдарға арналған азаматсыздықты тоқтату жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспары” шеңберінде бүкіл әлемде азаматсыздықтың алдын алу және қысқарту бойынша белсенді жұмыс жасайды және мәселені шешудің үлкен әлеуеті бар Орталық Азия аймағын қамтиды.

Академиялық қоғамдастық, жас ғалымдардың жаңа ұрпағы, соның ішінде болашақ халықаралық заңгерлер мен дипломаттар бұл мәселені шешудегі перспективалық әлеует болып табылады.

Ашық дәрісті БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссариатының Аймақтық Өкілдігінен құқықтық қорғау (азаматсыздық) мәселесі бойынша Аймақтық кеңесші және “Азаматсыздық бойынша Орталық Азиялық желіні” құрған Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері жүзеге асырады.

Барлықтарыңызды шақырамыз!

Өткізілу орны: әл- Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, Қарасай батыр көшесі, 95.

Уақыты:11.00-13.00

Байланыс ақпараты: БҰҰ БЖКБ - тел. 8 727 258 45 98; 8 727 258 80 49, Лейла Деловарова - 8 701 365 88 08

Басылым күні :  13.11.2017