«Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел

Ә

л-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ жәрдемдесу орталығы және БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде тізілімдік консультативтік мәртебесіне ие, «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры, ҚР БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің  (Алматы) қолдауында 2017 қыркүйек айында «Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Academic Impact» бастамасының тұрақты дамуы бойынша жаһандық хаб болып табылып, адам құқығы, сауаттылық, тұрақты даму және дау-жанжалдарды шешуге байланысты БҰҰ әлем мойындаған он принципті қолдауға бағытталған белсенді қызмет жүргізуде.

Дөңгелек үстел БҰҰ Халықаралық бейбітшілік күні, БҰҰ Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою үшін күрес күні және ҚР Президентінің Семипалатинск ядролық полигонын жабу туралы Жарлығының 26 жылдығына орайластырылды.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында келесі мәселелер талқыланды ҚР-ның БҰҰ ҚҚ тұрақсыз мүшесі ретіндегі қызметі, ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларды ілгері жылжытудағы Қазақстанның тәжірибесі, ядролық қаруды таратпау саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық құрылымдармен және мемлекеттермен серіктестіктің кейбір аспектілері, сондай-ақ, таратпау режимін нығайту және жаппай қырып-жою қаруына тыйым салу заманауи мәселелері мен перспективалары.

Дөңгелек үстелдің жұмысында Дипломатиялық корпус, ҚР-да аккредителген халықаралық ұйымдардың өкілдері, СЯП сынауларының тікелей қатысушылары, НПО және академиялық қауымдастықтың өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстелді халықаралық қатынастар факультетінің деканы Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы ашып, қатысушылармен сәлемдесіп, осындай іс-шараның маңыздылығы туралы айта кетті.

Сәлемдесу сөзімен «Полигон-29 тамыз» Қоғамдық фондының төрағасы Бозтаев Нурлан Кешримович шықты. Бозтаев Н.К. Фондтың қызметі туралы айтып, жас ұрпақты ядролық қаруды таратпау мәселесін өзектендіруге шақырды. Дипломатиялық корпустын өкілдері де сәлесдесу сөздерін айта кетті.

Аренова Алмаша Арыстановна, Алматы қаласындағы СІМ өкілдігінің Саяси тобының Кенесшісі, өз сөзінде осы іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс айтып, табысты жұмыс тілеп, өз сөзін Семипалатинск ядролық полигонның құрбандарына арналған әсерлі өлеңмен аяқтады.

Әзірбайжан Республикасының өкілі Низами Рустамов өз сәлемдесу сөзінде жаңа қауіп-қатерлер контексінде Қазақстанның бастамаларының маңыздылығын айта кетті.

Негізгі баяндамашылар ретінде ҚР Президенті ҚСЗИ басты ғылыми жұмысшысы Георгий Федорович Дубовцев, Алматы қ., ҚР Ұлттық ядролық орталықтың өкілі Мурат Ахметов және Радиациялық қауіпсіздік институтының 1998-2002 жж. Экс-директоры, Курчатов қ.

Дубовцев Г.Ф. өзінің «Ядролық қаруды таратпау режимінің заманауи мәселелері мен ҚР Президентінінң оны нығайту жөніндегі бастамалары» атты есебінде осы режимнің негізгі мәселелі аспектілерді атап, Қазақстанның рөлі мен үлесін аударып, Таратпау жөніндегі шарт үшін ықтимал перспективаларды атап шықты.

Ахметов М. өз сөзінде ядролық қаруды таратпау мәселесінің тәжірибелік аспектілері мен Семипалатинск полигонының жабылуынан кейінгі екі онжылдық уақыт кезіндегі негізгі қиыншылықтарын айтты.

Тарихшы Марал Топиев өз комментарийінде біздің еліміздін тарихындағы маңызды және қайғылы кезеңі, Қазақстандағы ядролық зерттеулердің бір қатар детальдарын атап шықты.

Даурен Абен, Еуразиялық Зерттеу институтының сарапшысы, өз комментарийінде отандық және халықаралық сараптамалық қоғамдастық шеңберіндегі зерттеулердің даму маңыздылығын көрсететін факторлар мен мәселелерді көрсетті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысын ҚР БҰҰ қоғамдық ақпарат Департаментінің басы Властимил Самек шығарды. Өз сөзінде ол барлық қатысушыларға, Халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ жәрдемдесу орталығының студенттік қоғамына осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның UNAI хабы ретіндегі рөлін атап өтті.

Жалпы, дөңгелек үстел қызу жұмыс жағдайында өтті.

Басылым күні :  22.09.2017