I Халықаралық Ибрашев оқулары «Еуразиялық интеграция XXI ғасырдың бастамаларына жауап ретінде»

2017 жылдың 26 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы мен Еуразиялық зерттеу Орталығы I Халықаралық Ибрашев оқулары «Еуразиялық интеграция XXI ғасырдың бастамаларына жауап ретінде» ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді. Аталмыш конференция ұлы ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстандағы еуразиялық интеграция және еуропалық зерттеулердің және халықаралық қатынастар факультетінің негізін қалаушы, ҚазҰУ-дағы Еуразиялық зерттеу орталығының тұңғыш жетекшісі Ибрашев Жарас Омарұлына арналады.

 

      Конференцияда  қазіргі халықаралық қатынастар және аймақтық үрдістер контексіндегі еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері, еуразиялық ұқсастық, қоғамдық сананың модернизациясы секілді тақырыптар бойынша сөз қозғалмақ.

       Конференция жұмысына дипломатиялық корпустың өкілдері, отандық және шетелдік ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының, аналитикалық орталықтардың, қоғамдық ұйымдардың ғалымдары қатысады

      Сондай-ақ, іс-шарада ҚазҰУ Халықаралық Қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысады.

 Конференция шенберінде секциялық отырыстар өтеді.

  1. Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері
  2. Қоғамдық сананың модернизациясы
  3. Әдістемелік секция

 

Конференция материалдары жеке жинақ болып шығарылады.

 

Өтетін орны Алматы қ, Қарасай батыр көшесі, 95, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық Қатынастар факультеті, Ғылыми Кеңес Залы.

  • Өтетін уақыты – 26 мамыр 2017 ж.
  • Басталуы тіркеу
  • Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

 

Байланыстық ақпарат:

проф. Мовкебаева Г.А.

Тел.: +77772237300

e-mail: gmovkebaewa@mail.ru 

Басылым күні :  25.05.2017