БҰҰ Орталығында халықаралық қатынастар бойынша кейс чемпионаты өткізіледі

БҰҰ Орталығы әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде алғаш рет студенттер арасындағы кейс сайысын  өткізеді.

Халықаралық қатынастар жөніңдегі кейс сайысы - бұл студенттерге өздерің саясаткер рөлін сынап көруге беретін тамаша мүмкіндік! Кейстерді оқу барысында қолдану практикасы әлемнің жетекші университеттерінде кең таралған. Бұл әрі өзекті мәселелерді жаһандық деңгейде шешу қыр-сырын нақты мысалда түсіну мүмкіндігің береді. Студенттің кейс сайысында қатысуының артықшылығы неде?

 

1. Гарвард университетінің жетекші профессорларымен әзірленген шыңайы кейс беріледі;

2. Бұл кейс халықаралық қатынастардағы нақты тақырыпты қамтып, сіздің оқуыңызда қосымша білім беретін болады;

3. Чемпионатқа қатысу сіздің ойлау қабілетіңіз бен шешендік дағдыларынызды жақсартып, сонымен қатар, курстастарыңызбен ғана емес, еліміздің жетекші сарапшыларымен бір топта жұмыс істеуге тамаша мүмкіндік береді.

 

Алдын-ала бөлінген студенттік топтарға іс-шара басталмай тұрып, кейс беріледі. Кейс тақырыбы халықаралық қатынастардың бір саласын қамтитын болады. Әр топқа сырттан келіп бекітілген сарапшылар студенттерге тақырыпты тереңірек түсінуге және кейсті тиімді шешуге көмектеседі. Топтар өз шешімдерін қазылар алқасына ұсынған соң бағаларын алады. Іс-шараның аяғында әрбір студент қатысу сертификатымен марапатталады.

 

Барлық сұрақтар бойынша төменде байланыстар бойынша хабарласуыңызға болады:

 

Нұрша Гауһар Оралбекқызы, 87754435275, gaukhar.nursha@gmail.com

Басылым күні :  11.04.2017