«ИДЕЯДАН БИЗНЕСКЕ» АТТЫ СТУДЕНТТІК БИЗНЕС - ЖОБАЛАР САЙЫСЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастары факультеті  Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, э.ғ.к. Дабылтаева Назым Есбергенқызының ұйымдастыруымен «Әлемдік экономика»  мамандығы 1 және 4 курс студенттерінің арасында «Идеядан бизнеске» атты студенттік бизнес- жобалар сайысы өтті. Сайыстың негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін заманның талабына сай іс тәжірибемен ұштастыра білу.  Сайысқа 10 жоба ұсынылды. Әділ қазылар құрамында Мақсат Серпалы – «Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлік палатасының маркетологы, экономист сарапшы, Жұмахан Құмар – «Қуырдақтың көкесі» мейрамханасының иесі, кәсіпкер, Өсербай Ардақ – кәсіпкер, Ерболат Тезекбай – «Жас Отан» ЖҚ төрағасының кеңесшісі болды. Шақырылған қонақтар студенттердің жобаларын жоғары бағалап , болашақта бұл жобалардың еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қосатына сенімді екенін жеткізді. Жүлдегерлер арнайы грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.Факультет деканы з.ғ.д.,профессор К.Н.Шакиров  студенттерге табыс тілей отырып , қонақтарға болашақта факультетте  қоғамға сұранысы жоғары сапалы мамандар дайындалып жатқанын басып айтты. 

Басылым күні :  11.11.2016