«ӘЛЕМ ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН» АТТЫ ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ САЙЫСЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастары факультеті  Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, э.ғ.к. Дабылтаева Назым Есбергенқызы мен 2 курс магистранты Аханова Жанардың педагогикалық практика негізінде «Әлемдік экономика»  мамандығы 1 және 4 курс студенттерінің арасында «Әлемдік экономика» мамандығы 1 курс студенттерінің «Әлем жастардың көзімен» атты творчестволық сайысы өтті.

Конкурс төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді:

— әдеби (өлең оқу, әңгіме , очерк, эссе);

— суреттер және фотожұмыстар (фотопортрет, фоторепортаж);

— видеоролик.

Кешті факультет деканы з.ғ.д.,профессор К.Н.Шакиров студенттерге творчестволық табыс тіледі.

Сайыс барысында студенттер өз авторлық жұмыстарын және қолөнер бұйымдарын , фото және видеороликтерін әділқазыларға ұсынды. Әділ қазылар құрамында кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Е.Чукубаев , кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Байкушикова Г.С. , Сарыбаев М.С., кафедраның аға оқытушысы Ж.А.Оспанбаев болды. Кештің қонағы Скрэнтон Университетінің  профессоры (АҚШ ) Шон Бреннан студенттертің торчествосына таңданысын жасырмады. Кеш 1 студенті Оралбекова Мөлдірдің Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдаумен тамамдалды.Сайысты қортындылаған топтың эдвайзері «Әлемдік экономика « мамандығының 1 курс студенттерінің 29 студенттің 20 студенті «Алтын белгі» иегері екендігін атап өтті. Талантты жастарға творчестволық табыс тілеп тек үздік оқуға шақырды. Жеңімпаздар грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 


Басылым күні :  11.11.2016