9 Сәуір күні «Халықаралық қатынастардың аймақтық мәселелері және әлемдік актор ретіндегі Үндістанның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен магистранттары Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорына қарасты Әлемдік экономика және саясат институтында «Халықаралық қатынастардың аймақтық мәселелері және әлемдік актор ретіндегі Үндістанның рөлі» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстелге қатысты. ҚР Үндістанның Елшісі Харш Кумар Джайн (Harsh Kumar Jain) мен белгілі үнділік ғалым, дипломат, халықаралық қатынастар факультетінің әріптесі және серіктесі Ашок Саджанхардың (Ashok Sajjanhar) баяндамаларында Үндістанның Қазақстандағы және Орталық Азиядағы саясаты туралы айтылды. Үндістан Азиаттық ірі орталықтардың бірі ретінде қазіргі кезеңнің үндеулері жағдайында өзіндік ұстанымы бар мемлекет.

Талқылау барысында қатысушылар – ӘЭСИ директоры С.М.Акимбеков, т.ғ.д. Б.Қ.Сұлтанов, халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары проф. М.Ш.Губайдуллина, доц. Ж.Қ.Ыдрышева, доц.А.Т.Кулбаева - әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің үнділік университеттер және ғылыми орталықтарымен өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы жөніндегі ойларымен бөлісті. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорына қарасты ӘЭСИ қабырғасында өткен мұндай ірі форумға магистранттардың қатысуы құрметті, әрі жауапты іс. 

Басылым күні :  10.05.2015