2015 жылдың 15 сәуірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған дөңгелек үстел өтті

2015 жылдың 15 сәуірінде халықаралық қатынастар факультетінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мен екінші дүниежүзілік соғысты қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтті.Белгілі тарихшы, профессор Тілеу Садуақасұлы Күлбаев жеңіске жету жолындағы қазақстандықтардың баға жетпес үлесі жайындағы осы күнге дейін белгісіз болған дәйектерді қызықты баяндап, өзінің Подольскийдегі әскери мұрағатта жүргізген жұмысы жайында және сол жерден табылған бағалы құжаттар жайында аңгімелеп берді. Жиналған аудитория соғыс батырлары мен қазақ қыздары Алтыншаш Нұрғожинова және Хиуаз Доспанованың белгісіз ерліктері жайындағы әңгімені ынта қоя тыңдады. Т.С.Күлбаевтің зерттеулері студенттер үшін үлкен қызығушылық пен көптеген сұрақтар тудырды, атап айтқанда соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен туыстары туралы ақпарат пен құжаттарды қайдан және қалай табуға болады; қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандықтары жайлы құжаттар. Сонымен қатар, патриотизм, болашақтағы өмір құны, соғыстағы әйелдер, қазіргі кездегі қақтығыстар және оны өткен тарихпен салыстыру сұрақтары қызу талқыланып, талданды. Талқылауға халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары, шетелдіктерді қоса есептегендегі студенттері мен магистранттары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар профессор Т.С.Күлбаевке оның атқарған ерен еңбегіне алғыс білдірді. 

Дөңгелек үстел Германдық зерттеу орталығы мен ХҚ және ӘЭ кафедрасының бастамасымен және ұйымдастыруымен өтті, дөңгелек үстелге проф. Губайдуллина М.Ш., доценттер Балаубаева Б.М., Күлбаева А.Т., Ыдрышева Ж.К. қатысты. 

Басылым күні :  10.05.2015