«Білім беру. Жаңашылдық. Тілдер» атты мәдени дипломатияның ІІ Еуразиялық мектебі

2019 жылы, қазанның 5-6 жұлдызында Шымкент қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Көптілдік білім берудің ресурстық орталығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілдігі ұйымдастырған «Білім беру. Жаңашылдық. Тілдер» атты мәдени дипломатияның ІІ Еуразиялық Мектебі болып өтті. Мәдени дипломатияның Мектеп жұмысына Қазақстан Республикасындағы Ресейынтымақтастығы өкілдігінің жетекшісі Воробьев Константин Павлович, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі Коропченко Алексей Анатольевич, сонымен қатар қазақстан мен ресей жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары қатысты.

Ресей және қазақстан лингвистерінің арнау сөздері заманауи білім беру кеңістігіндегі лингвистикалық парадигмаға арналды. Мектеп аясында Оңтүстік Қазақстан мен Шымкент қаласының мектептерінің мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының қатысуымен «Заманауи гуманитарлық білім беру: балаларды қалай және неге оқыту керек» атты пікірталас болып өтті. Пікірталас барысында жобаның алдағы дамуы мен келешегі анықталды.

«Білім беру. Жаңашылдық. Тілдер» мәдени дипломатияның ІІ Еуразиялық Мектебіне жиналған 80-нен астам – қалалық, ауылдық жердегі мектептер мұғалімдері, Шымкент қаласы жоғары оқу орындарының оқытушылары, сонымен бірге Мәскеуден, Санкт-Петербургтен, Нұрсұлтаннан, Алматыдан, Петропавлдан келген қатысушылардың жұмысы қызықты және жемісті өтуі бұл сияқты іс-шараның пайдалылығын, мақсаттылығын көрсетті. Мектеп жұмысының Мұғалімдер мерекесі қарсаңында өтуі барлық мұғалімдер мен педагогтарға керемет сый болды.

Басылым күні :  29.10.2019