Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс-шара «Бейбітшілік, келісім және даму жолы»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде 2015 жылдың 16 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шара шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Бұл шараға Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Жапония және басқа да шет елдердің студенттері қатысты. Олар Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлттардың мәдениетімен танысып, Қазақстанды (олардың оқып жатқан елі) жаңа қырынан тани түсті. Ең бастысы - шетелдік студенттер Қазақстан халқы ауыз-бірлітек, келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқанын көрді. Бұл іс-шара студенттердің өздері белсенді қатысуымен, мәдениеттер диалогы түрінде өтті.

Басылым күні :  19.02.2015