«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

2016 жылдың 11-14 сәуір күндері факультетте ІІІ халықаралық Фараби оқуларының аясында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция барысында 10 секция бойынша 450-ге жуық баяндама жасалды. Конференцияның жабылуында Қытай ғылым академиясы университетінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Huang Dingcheng білім беру бағдарламалары туралы баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша факультет студенттері Ортай Ұлсерік, Ескендір Бақытжан және Бахытжан Елдана университеттік деңгейде 1-, 2- және 3-орын үшін дипломдармен марапатталды.

Конференциямен қатар студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 1-курс магистранты Лигай Юлия «Жаңа энергия сақтаушы Терезе/Экран жүйесін жасау» жобасымен 3-орын иеленді.

ІІІ Халықаралық Фараби оқуларының жабылуы барысында университеттік «Үздік жас ғалым» байқауының қорытындысы бойынша факультет оқытушы-ғалымдары К.К.Құдайбергенов, Н.Т.Смағұлова, Ж.Нұрпейісова жеңімпаз атанды.

 

Басылым күні :  20.04.2016