Оқу-әдістемелік қызмет

Оқу-әдістемелік қызмет

Кафедраның негізгі бағыты оқу мақсатына қарай шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру. Тілдік дайындық мынадай топтарға бөлініп жүргізіледі:

а) ЖОО-на түспейтін бастауыш деңгей үшін;

б) ЖОО-на түсетін жалғастырушы деңгей үшін;

в) ЖОО-на түспейтін жалғастырушы деңгей үшін;

Оқу әдебиеттеріне деген тапшылықты жою мақсатында кафедра мүшелері жыл сайын қазақ, орыс тілдерін шет тіл ретінде оқыту мен аспектілік оқу пәндері бойынша оқулық жазумен айналысып келеді.

Оқу бағдарламалары жаңартылып, осы және дайындық факультетінде оқытылатын басқа да аспектілік пәндер бойынша оқу бағдарламаларының жинағы шығарылды. Қазақ және орыс тілдерінің оқу бағдарламалары Білім беру стандартына сай, Еуропалық тілдік портфельге жуықтатылып жасалынған. Қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту мен орыс тілін шет тіл ретінде оқытуда оқу материалын беруді алгоритмдеп ұйымдастыру студенттік аудиторияда мол мүмкіндікке ие бола алады. Бұл бағдарламаларды қолданбалы тіл білімі мен тіл дидактикасының қазіргі заманауи талаптарға жауап беретін түрлері ретінде сипаттауға болады.