«Cандық құқық: қазақстандық модельдің ерекшелігі және дамудың жаңа бағыттары»

28.03.2018

Көрулер: 3307

 

V мерейтойлык жылдық фараби оқулары шеңберінде ҚазҰУ-да «Cандық құқық: қазақстандық модельдің ерекшелігі және дамудың жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеледі.

Конференция: цифрландыруды актуалдандыру және осы процесті мамандандырылған заңнамамен әлемдік және ұлттық деңгейде қамтамасыз ету мәселелеріне арналады. Ерекше назар сандық құқықтың қалыптасуы мен дамуының теориялық аспектілеріне, оның қазіргі Қазақстанда қалыптасқан құқықтық жүйесіндегі рөліне және орнын аударылады. Ғарыш құқығы, генетика құқығына, цифрлық идентификациялауға және роботтандыру мәселелеріне ерекше назар қойылады. Конференция барысында ақпараттық құқықтың қазіргі таңда туындап жатқан мәселелері, Интернет аясында туындап жатқан конституциялық-құқықтық, азаматтық құқық, әкімшілік-құқықтық, қаржылық құқықтық реттеу мәселелері, сондай-ақ ақпараттық салада құқықтық жауапкершілік мәселелері қарастырылатын болады. Конференцияға алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, отандық ғалымдар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

 Өткізу уақыты және орны: 2018 жылдың 6 сәуірінде 10.00 сағат, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, заң факультеті, ГУК-3, 413 ауд.