Оқиғалар мен анонстар

"Инновациялық кәсіпкерлік" оқу-білім беру орталығы"

22.05.2017

"Инновациялық кәсіпкерлік" оқу-білім беру орталығы (директоры - Экономика ғ. магистрі - Абылай А.Б.) келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу/ғылыми-білім беру жұмыстарымен, кеңес беру және басқа да қызметтермен айналысады:

Ары қарай оқу >>

Баспасөз хабарламасы

19.05.2017

2017 жылдың 20-шы мамырында ҚР Парламентінің Сенат депутаты, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Нұртай Абықаевтың төрағалығымен Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы (ҚазҰЖҒА) Президиумының отырысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

ІІ Халықаралық жазғы мектебі

18.05.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы, Қоғаммен байланыс және PR баспасөз орталықтары кадрларының біліктіліктерін арттыру және сертификаттау орталығы Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен 2017 жылдың 2-4 маусым аралығында «Медиа және PR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты ІІ Халықаралық жазғы мектебін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Есеп, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттілігі орталығының қызметі

17.05.2017

Есеп, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттілігі орталығы (басқарушы – э.ғ.д. А.М.Байдильдина) білім беру саласында инновациялык қызметін орындау: ғылыми зерттеулер мен қатар есеп пен аудитті жүргізуге заманауи талаптарға сәйкес есеп, талдау және аудит салалары бойынша арнайы курстар оқыту арқылы білімді қалыптастыру және тарату; білікті, шығармашылық жеке тұлғаларды қалыптастыруға жәрдем ету; оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Ары қарай оқу >>

«Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар» орталығы кеңес беру қызметтерін ұсынады

15.05.2017

«Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар» орталығы мектеп, орта арнаулы, жоғары оқу орындарының ұстаздарына оқыту семинарлары, біліктілікті жоғарылату курстарын ұйымдастыруды және діни ұйымдарға қатысты сараптама өткізуді, сонымен бірге, мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік-шіркеулік, дінаралық пен конфессияаралық қарым-қатынастары мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынады. 

Ары қарай оқу >>

«Қоршаған орта мониторингінің жаңа әдістері»

11.05.2017

2017 жылы мамыр айының 12 жұлдызында сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде ЖШС «Геостройизыскания» компаниясымен біріккен «Қоршаған орта мониторингінің жаңа әдістері» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Іс-шара барысында «География, жерге орналастыру және кадастр» және «Картография және геоинформатика» кафедраларына 99 млн. теңге көлемінде 66 компьютерлік орынға лицензиялық арнайы «Topocad» бағдарламасы материалдық дотация түрінде беріледі.

Ары қарай оқу >>

«Алаш қозғалысы және Қазақстандағы саяси репрессиялар»

02.05.2017

2017 жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл, 100 мыңнан астам әрұлтты отандастарымыздың өмірі мен тағдырына әсер еткен саяси қуғын-сүргіннің, жалпы репрессияның болғандығына 80 жыл толып отыр.

Ары қарай оқу >>