«Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар» орталығы кеңес беру қызметтерін ұсынады

15.05.2017

Көрулер: 3492

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар» орталығы мектеп, орта арнаулы, жоғары оқу орындарының ұстаздарына оқыту семинарлары, біліктілікті жоғарылату курстарын ұйымдастыруды және діни ұйымдарға қатысты сараптама өткізуді, сонымен бірге, мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік-шіркеулік, дінаралық пен конфессияаралық қарым-қатынастары мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынады. Орталықта философия ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, дін және діни қатынастар саласындағы жетекші мамандар қызмет етеді. Орталық белгіленген уақытта сапалы жұмысқа кепілдік береді.