«Алаш қозғалысы және Қазақстандағы саяси репрессиялар»

02.05.2017

Көрулер: 5055

2017 жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл, 100 мыңнан астам әрұлтты отандастарымыздың өмірі мен тағдырына әсер еткен саяси қуғын-сүргіннің, жалпы репрессияның болғандығына 80 жыл толып отыр.

Осы орайда Философия және саясаттану факультеті және "Халықтар келісімі" қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясынада, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық университетінде «Алаш қозғалысы және Қазақстандағы саяси репрессиялар» тақырыбында кездесу өткізеді.

Кездесудің қонағы  "Халықтар келісімі" қоғамдық қорының директоры, Тарихшылар ұлттық конгрессінің Ғалым-хатшысы, 8 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы, тарих қылымдарының докторы, профессор Кабульдинов Зиябек Ермуханұлы.

Кездесуге студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО оқытушылары, сонымен қатар репрессияланған Алаш қозғалысы  өкілдерінің туысқандары қатысады. Кездесу барысында 8 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының (Алматы, «Атамұра» баспасы, 2016 жыл) және ЭКСПО-2017 мен астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстырылуының 20-жылдығына арнайы қайта басылып шыққан «Астана: өткені мен болашағы» кітапбының тұсаукесері өтеді.

Уақыты: 2017 жыл, 4 мамыр, сағ. 14.00

Өтетін мекенжайы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Ғылыми Кеңес залы (123 ауд.) Алматы қ., Масаншы көшесі, 39/47.

Байланыс телефоны: +7 (727)292 57 17 қос.21-82, 87012721704, Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы