Оқиғалар мен анонстар

«Психологиялық ғылым мен тәжірибенің қазіргі кездегі даму үрдістері және болашағы»

01.11.2017

ҚазҰУ-да Қазақстанның ғылыми психологиясының 100-жылдығына арналған «Психологиялық ғылым мен тәжірибенің қазіргі кездегі даму үрдістері  және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік  конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулдығымен кездесу

01.11.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде 2017 жылдың 10 қарашасында сағат 17.00-де ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулдығымен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының қытай студенттерінің қатысуымен кездесу өтеді.  

Ары қарай оқу >>

Тегін реабилитациялық сеансы

30.10.2017

30 қазаннан 3 қараша аралығында Тэгу қаласындағы (Оңтүстік Корея) Католикалық университетінің профессор реабилитолог және физиотерапевт  Ким Дон Хун ҚазҰУ ішіндегі диагностикалық орталықта тегін  реабилитациялық сеансын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Түркі дүниесі деректі фильмдері ІІ Халықаралық фестивалі өтеді

25.10.2017

2017 жылдың 26 қазанында Алматыда Түркі дүниесі деректі фильмдері ІІ Халықаралық фестивалінің Қазақстандық бағдарламасы өтеді. Шараны Түркі дүниесі Журналистер федерациясы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруда.

Ары қарай оқу >>

Алматыда “Еуропалық Одақтың шағын моделі” атты іскерлік ойын өтеді

24.10.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2017 жылдың 27 қазан күні сағат 10:00-де адам құқығы мәселесіне арналған “Еуропалық Одақтың шағын моделі” атты студенттік интерактивті басқарушылық ойыны өткізіледі. Шара Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілеттілігі мен ҚазҰУ-дың Еуропалық ақпараттық орталығымен бірлесе өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Құрметті ҚазҰУ қызметкерлері!

23.10.2017

25 қазан сағат 10:00-18:00 дейін, 26 қазан сағат 9.00-13.00 дейін және 15:00-18:00 дейін ҚазҰУ қарамағындағы медициналық орталықта Каннам Северанс клиникасынан келген профессорлар науқастарға тегін кеңес өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Байқау

21.10.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің құрметті студенттері!

Халықаралық  ынтымақтастық департаментi Кадис Университетінің Erasmus + бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу шәкіртақысын алу жөнінде байқау жариялайды.

Міндетті талаптар: 

Ағылшын тілін B2 деңгейінде меңгеру

Қажетті құжаттар тізімі :

  1. Тілді білуі туралы сертификат
  2. Төлқұжаткөшірмесі
  3. Мотивациялық хат
  4. Оқытылатын пәндер
  5. Транскрипт (ағылшын тілінде)
  6.  Оқу туралы келісім (Learning Agreement)

Болатын мерзімі: 2семестр  2017/18

Өтінімді өткізу мерзімі: 2017 жылдың қарашасына дейін 

Қызығушылық танытушыларға Халықаралық Ынтымақтастық Департаментіне  хабарласуға болады. Ректорат- әкімшілік ғимараты, 12 қабат, каб. 1204 тел. 2211167)

Ары қарай оқу >>

Әскери кафедра шақырады

21.10.2017

Құрметті студенттер!

Әскери кафедрада ақысыз негізде (грантта) оқу үшін конкурстық іріктеуден өтпеген, бірақ ақылы негізде оқуға ниет білдірген студенттердің қосымша өтініштері 2017 жылғы 20 қазан 10.00-ден бастап 27 қазан 15.00-ге дейін қабылданатынын хабарлайды. 

Ары қарай оқу >>