«Психологиялық ғылым мен тәжірибенің қазіргі кездегі даму үрдістері және болашағы»
Көрулер: 5087
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстанның ғылыми психологиясының 100-жылдығына арналған «Психологиялық ғылым мен тәжірибенің қазіргі кездегі даму үрдістері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.
Конференция мақсаты – қазіргі заманғы психологиясының теориялық, әдіснамалық, әдістемелік және ғылыми–практикалық проблемаларын талқылау және шешу жолдарын іздестіру, қазақстандық психологиялық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу және шоғырландыру, кәсіби байланыстарды кеңейту, психологтар мен сабақтас мамандық иелерінің кәсіби және тұлғалық дамуда насихаттау.
Жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Секциялардың тақырыптары:
- Профессор Қ.Б. Жарықбаев және оның Қазақстандағы ғылыми психологиясының құрылуы мен дамыуындағы рөлі.
- Этнопсихологиялық және этнопедагогиялық зерттеулер.
- Жалпы психологияның өзекті сұрақтары.
- Білім берудегі психология.
- Ғылыми-психологиялық мамандар дайындауда психология аясындағы заманауи әдістері.
- Қолданбалы психология зерттеулері.
Конференцияға және/немесе съезге қатысу өтініші, электронды түрдегі баяндаманың мәтіні 2017 жылдың 20 қарашасына дейін psychol.kaznu.2017@gmail.com электронды почтасына қабылданады.
Ұйымдастыру жарнасы жариялануымен бірге – 4000 теңге. Шетелдік қатысушылар ұйымдастыру жарнасынан босатылады. Жариялану талаптарын Ақпараттық хаттын қосымшасынан қараңыз. Өтінішсіз және талапқа сәйкес келмеген баяндама жарияланбайды. Жол ақысы мен тұру ақысы шетелдік және шетелдік қатысушылардың өз қаражаты есебінен. Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша Ұйымдастыру кометет мүшелеріне байланысуларыңызды сұраймыз.
Телефондары: +7 (727) 292 57 17 (+2131), + 7 7772068537 (Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна), +7 7011691211 (Толешева Улмекен Болатовна). Қазақстан психологиясының І құрылтай съезіне байланысты сұрақтар бойынша атқарушы директор Еликулова Маржан Жомартовна, телефоны: +7 747 949 49 55.
Өтетін күні: 2017 жылдың 7 желтоқсаны
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., аль-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ұйымдастырушылары: әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, академик Т.Т. Тәжібаев атындағы этнопедагогика және этнопсихология орталығы.