ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулдығымен кездесу

01.11.2017

Көрулер: 3262

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде 2017 жылдың 10 қарашасында сағат 17.00-де ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулдығымен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының қытай студенттерінің қатысуымен кездесу өтеді.  

Аталған іс-шараның мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындары арасында студенттермен және оқытушы-профессор құрамымен алмасу, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жетекші профессорларды шақыру секілді түрлі бағыттары бар ынтымақтастықты одан ары кеңейту болып табылады. Қазіргі уақытта ҚазҰУ-ғы білім алып жатқан шетелдік студенттердің 80% ҚХР келген. Жыл сайын жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ҚХР келген 100 тыңдаушы ҚР жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін тілдік дайындықтан өтеді.

Кездесуде Қазақстандағы қытай студенттерінің әлеуметтік бейімделу мәселелері, сыртқы академиялық мобильділік бағдарламасын дамыту және ұлтаралық және дінаралық диалогты тереңдету  туралы талқылау жоспарлануда.

Кездесу аясында Алматы қаласында оқитын қытай студенттерінің ұйымдастыруымен концерт өткізу жоспарлануда.

Кездесудің құрметті қонақтары: Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Бірінші проректоры, профессор М.М. Бүркітбаев., әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-ң қоғамдық байланыстар және имидждік саясат Департаментінің директоры Дюсебаев Д.К., әл–Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының жетекшісі Асильбеков Р.У., Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Консулдығының бас консулы Чжан Вэй., Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Консулдығының бас консулының орынбасары Го Синьцяо., Білім беру және мәдениет бөлімінің консулы Ван Цинпин., Қауіпсіздік істері жөніндегі консулы Лу Юнган., Вице-консул Хуан Цзянь және тағы басқа да Алматы қаласының ЖОО-нан шақырылған қонақтар. 

Кездесудің уақыты мен орны: Масаншы көшесі, 39/47 (Бөгенбай көшесінің қиылысы), Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ғимараты, 3 қабат. Акт залы, 10 қараша 2017 ж. сағат 17.00.