Хамад бин Халифа атындағы университет делегациясының сапары

05.05.2018

Көрулер: 3357

Хамад бин Халифа атындағы университет делегациясының сапары

ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы 2018 жылдың 10 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Хамад бин Халифа атындағы университеттің президентінің Ахмад М. Хаснаның басшылығымен университет делегациясы ресми іс-сапармен келе жатқанын хабарлайды. Кездесу барысында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасына кампус ішінде тур жүргізіледі. Одан кейін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не исламдық қаржыландыру» тақырыбына арналған презентацияның тұсаукесері өтіп, мәдени бағдарлама аясында Шымбұлақ және Медеуге саяхат жасалады.

Хамад Бин Халифа университеті тарапынан: Ахмад М. Хасна университет президенті, Эмад Эль-Дин Шахин исламтану колледжінің директоры, Саид Назим Хамад бен Халифа университетінің Ислам экономика және қаржы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Лилит Оганесян Хамад бин Халифа университетінің Сыртқы қатынастар департаментінің бастығы.