Distance learning

Әлемді жайлаған ауыр дерттің кең таралуына байланысты, еліміз сақтық шараларын жүргізуде, осыған орай барлық оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені белгілі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен тыңдаушылары да осы қашықтықтан оқыту жүйесімен жұмыс жасауда. Әрине, бастапқыда қиындықтар болғаны шындық, басшылық пен оқытушылар, тыңдаушылар тығыз байланыста бола отырып, бұл мәселелердің шешімін таба білді. Қазіргі кезде барлық әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін, барынша тиімді пайдалана отырып, сабақ жүргізудеміз. Қиыншылықтан шығудағы басты нәрсе – бірлік. Барлығымыз жұдырықтай жұмылып, жабыла жұмыс жасасақ, бұл қиындықтан шығарымыз анық.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тарих пәні оқытушы

Жұмаділ Гүлзия

Publication date :  4/14/2020