Магистратура

Мамандық шифры:

7M07118

Мамандығы:

Робототехникалық жүйелер

Факультеті:

Механика-математика

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - Техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON 1 Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, робототехникалық зерттеулер бойынша патенттік іздеу жүргізу, "робототехникалық жүйелер"кәсіби қызметінің бағыты бойынша отандық және шетелдік ғылымның, техника мен технологияның жетістіктерін пайдалану.
ON 2 Роботтар мен робототехникалық жүйелердің функционалдық және құрылымдық сұлбаларын әзірлеуге қатысу, техникалық тапсырмаға сәйкес робототехникалық жүйелердің құрылмаларының жобалық есептері мен техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу;
ON 3 Компьютерлік жобалау құралдарын пайдалана отырып, роботтар мен робототехникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарын жобалау және құрастыру, роботтар мен робототехникалық жүйелерді моделдеудің әдістері мен құралдарын таңдау;
ON 4 Заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру, робототехникалық жүйелерді және олардың жеке модульдерін жобалау және басқару кезінде жобалаудың заманауи және бағдарламалық құралдарын қолдану;
ON 5 Роботтар мен робототехникалық жүйелердің басқарушыларының, ақпараттық және атқарушы модульдерінің тәжірибелік макеттерін әзірлеу және оларды заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып зерттеу жүргізу;
ON 6 Қолда бар бағдарламалық пакеттерді пайдалану және робототехникалық жүйелерде ақпаратты өңдеу және басқару үшін қажетті жаңа бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу;
ON 7 Эксперименттер жүргізу әдістемесін әзірлеу және робототехникалық жүйелердің қолданыстағы макеттері мен үлгілерінде эксперименттер жүргізу және заманауи ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдарды қолдана отырып нәтижелерді өңдеу;
ON 8 Жеке және орындаушылар тобының құрамында орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін практикада енгізу, зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету.
ON 9 Робототехникалық жүйелер бойынша арнайы пәндерді оқыту әдістемесі саласында өзіндік ғылыми зерттеуді жүзеге асыру, жоғары мектеп педагогикасы мен басқару психологиясының заманауи әдістерін білу және оларды педагогикалық қызметте қолдану;
ON 10 Орындалған жұмыстың нәтижелері бойынша аналитикалық шолулар мен ғылыми-техникалық есептер құрастыру, зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша ғылыми жарияланымдар дайындау, алынған нәтижелер мен қорытындыларды ғылыми презентацияда немесе қорғауда дәлелді түрде ұсыну.
ON 11 Жоғары және орта оқу орындарында робототехникалық жүйелер бойынша арнайы пәндерді оқыту.
ON 12 Ұжым құрамында жұмыс жасау, инновациялық ғылыми-білім беру жобаларымен танысу, кәсіби қызмет шеңберінде жауапты шешімдер қабылдау, стандартты емес шешімдерді іздестіру, әлеуметтік коммуникацияны басқару саласында стратегиялық ойлау дағдыларын меңгеру.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген