Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D05110

Мамандығы:

Вирусология

Факультеті:

Биология және биотехнология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.вирусология саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді түсіндіре отырып, осы саладағы ғылыми мәселелерді тұжырымдау, оларды шешудің заманауи әдістемесі мен технологиясын таңдау;
2.инфекциялық агенттерді, қызметкерлерді және қоршаған ортаны биоқорғауды инактивациялау үшін биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық және халықаралық заңнама саласындағы білімді пайдалана отырып, әлеуетті биологиялық қатерлердің алдын алу мақсатында қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде әртүрлі биообъектілер мен биоматериалдарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алу үшін құжаттар әзірлеуге;
3.ықтимал эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін есептеу үшін инфекциялық агенттің қоршаған ортаға шығуының ықтимал салдарларын болжау модельдерін жасау негізінде әлеуетті вирусологиялық қатерлерді тану,бақылау және зерттеу мақсатында биологиялық қауіпсіздік деңгейлерінің менеджмент жүйелерін құруға міндетті;
4.биологиялық,медициналық,экологиялық және ауыл шаруашылығы бейініндегі мемлекеттік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар, компаниялар мен институттар үшін зерттеулердің шектес салаларында вирусологиялық талдаудың қазіргі заманғы теориялары мен молекулалық әдістері негізінде инновациялық жобалық менеджментті пайдалана отырып, вирусология саласындағы ғылыми зерттеулердің стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеуге міндетті;
5. иммундық жауаптар негізінде вирустық инфекцияларды зертханалық диагностикалау әдістері, ОМИК-технологиялар, вирустық маркерлерді сәйкестендіру негізінде іргелі зерттеулер жүргізу нәтижесінде биомедицинаның, ауыл шаруашылығының, экологияның, тамақ саласының өзекті мәселелерін шешу үшін жаңа әдістерді, технологияларды және инновациялық өнімдерді әзірлеу;
6.вирусологиялық, молекулалық-биологиялық, иммунологиялық және биотехнологиялық әдістердің негізінде вирустық инфекциялық ауруларды емдеуге және олардың алдын алуға арналған вирусқа қарсы препараттарды, вакциналарды әзірлеуге міндетті;
7.өсімдіктер,жануарлар,адам организмдерінің функционалдық жайдайларының мониторингі негізінде медицинада,ветеринарияда,ауыл шаруашылығында,тамақ өнеркәсібінде пайдаланылатын вирусқа қарсы препараттардың практикалық маңызын бағалау;
8.қазіргі заманғы вирусологиялық зерттеулер саласындағы сыни ойлау мен практикалық түсіну негізінде вирусология саласындағы ғылыми жобаларға,жаңа өнімдерге, биопрепараттарға сараптамалық қорытындылар жасау
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген