Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D01101

Мамандығы:

Педагогика және психология

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Тұжырымдамалық түрде ойлай алу, педагогика мен психологияның өзекті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың мазмұны мен құрылымын дайындау; зерттеудің әдіснамалық аппаратын жобалау, зерттеу міндеттерін жүзеге асыру үшін талданатын ғылымның әдістерін таңдау және қолдану, әдіснамалық эксперименттің әдіснамасын меңгеру, терең және жүелі талдау негізінде әртүрлі құбылыстарды болжамдай алу мен сипаттаудың моделін жобалау, оларға сапалық және сандық талдау жасау.
2.мектепке және жоо арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен білім беру құжаттарын, білім беру мазмұнын тұтастықта жобалау және сараптамалық бағалау, Қазақстандағы орта және жоғары білім беруді реформалаудың кейбір мәселелерін бағалау , орта және жоғары білім беруді тереңдетіп реформалау бойынша өзінің ұсыныстарын беру;
3. білім беруге басып кіру үшін заманауи психологиялық теорияларды пайдалану, тұлғаның жеке өміріндегі мәселелерді оның рухани, әлеуметтік контексінде байқау, тұлғаның өмірлік мәселелерін және әлеуметтік білім беруді шешуде басып кірудің мүмкіндіктерін бағалау;
4. өзінің психологиялық-педагогикалық кәсіби қызметін бағдарламау және жобалау, білім берудегі психологиялық ұйымдардың қызметін сараптамалық бағалау; жоспар құру, оның нәтижелерін көре білу;орындалатын кәсіби педагогикалық әрекеттердің түсіну және негіздеу, ғылыми педагогикалық білімдерді жаңа жағдайларға көшіру;
5. қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін білім беру үдерісімен өзара байланыста ғылыми тұрғыда талдау, маңызды тұжырымдар мен жинақтауларды жасау, ғылыми зерттеу әдістерін талдау, салыстырмалы- педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеру;
6. әлем елдерінде білім беруді тарихи және салыстырмалы талдау негізінде салыстырмалы білім берудің, соның ішінде білім беру саясатының өзекті мәселелерін өзекті мәселелерін құрастыру мен талдау және олардың шешімін табуда ғылыми ұсыныстар беру;
7. білім беру жүйесінің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді жобалау, білім беру сапасын арттыру, білім беру аймағында тетілеу технологиясын және білім беру аймағында тестілеу картасын жобалау;
8. квалиметриялық бағалауды қолдануды жоспарлау және квалиметриялық құзыреттіліктерді меңгеру; өзінің қызметтік жұмысы аясында басқару функцияларын кәсіби деңгейде жүзеге асыру және кәсіби мәселелерді білім беру ұйымдарының мүддесіне сәйкес шешу, басқарушылық - аналитикалық құзыреттіліктерді меңгеру;
9. кәсіби қызметтің кең аумағында шығармашылықпен өзін- өзі жүзеге асыру, өзінің мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби міндеттерді орындауда жоғары мотивацияларды иелену, өз ісіне және азаматтық кәсіби борышына деген жоғары сезімін, жауапкершілігін дамыту;
10.психологиялық- педагогикалық ақпараттарды сыни талдау, жинақтау және жүйелеу, зерттеу мақсаттарын қоя білу және оларға жетудің оңтайлы жолдары мен әдістерін таңдау;
11.жаңа психологиялық білімдердің, оқыту мен зерттеу әдістерінің жаңа технологияларын жасау, ұсыну және ғылыми білім беру қызметінің инновациялық технологияларын ендіру;
12. ғылым мен білім берудің қоғамдық нормалар мен дәстүрлерге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіну және жариялау, өзінің кәсіби қызметінде оларды ұстануға негізделу; кәсіби этика нормаларын сақтау, құқықтық және этикалық мінез-құлық нормаларын меңгеру,басқа әлем халықтарының дәстүрлері мен мәдениетіне толеранттылық таныту; әртүрлі экономикалық,нәсілдік, этникалық және кәсіби топтар, жасы және өмірлік стилі әртүрлі тұлғалармен өзара байланыста адекватты әдістерді қолдану.
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген