Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B03101

Мамандығы:

Әлеуметтану

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. әлеуметтік шындықты түсіндіру және дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру үшін қоғамның дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау;
2. ұлттық-мәдени, сыныптық-топтық және діни белгілері бойынша қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтау, әлеуметтік теңсіздіктің дәрежесін ажырату және талдау;
3. кәсіби терминдер мен ұғымдарды, теориялар мен тұжырымдамаларды түсіндіру;
4. қоғамның заманауи мәселелерін зерттеу үшін социологиялық ойлауды қалыптастыру және социологиялық әдіснаманы қолдану;
5. әлеуметтанудың мамандандырылған саласындағы базалық білімді жүйелеу және жаңғырту, қоғамның әлеуметтік институттары мен процестерін зерттеуде әлеуметтанулық таным әдіснамасы мен әдістерінің арақатынасының принциптері;
6. әлеуметтік әдістер мен шкалаларды салыстыру, қоғам мәселелерін зерттеуге бейімдеу;
7. кәсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін әлеуметтік ғылымдағы деректерді сапалық және сандық талдау негіздерінің мәнін, социологиялық деректерді талдау мен интерпретациялауды игеруді көрсету;
8. ақпаратты жинау кезінде іріктеу жобасын іске асыру бойынша тапсырмаларды қалыптастыру; әлеуметтанудың түрлі салаларында ғылыми зерттеулердің мақсаттарын қалыптастыру, нақты міндеттерін қою және сандық және сапалық зерттеулерді дербес жүргізу;
9. қазіргі қоғамның, жаһандық және аймақтық әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси үдерістердің ерекшеліктері мен даму үрдістерін бағалау;
10. әртүрлі ұжымдардың кәсіби қызметі мен жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында базалық әлеуметтік білімді қолдану;
11. ақпаратты сақтау және қайта өңдеудің тиімді алгоритмдері үшін арнайы бағдарламаларды, желілік технологияларды пайдалану, интернет-ресурстарды құру және редакциялау, қашықтағы ресурстарды пайдалану;
12. қолданбалы әлеуметтік зерттеулер жүргізу, алынған нәтижелерді оларды шешу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу үшін пайдалану.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген