Кітапхана
Ғылыми кітапхана университетпен қатарлас 1934 жылы құрылған. Яғни, ол университеттің оқу жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында кітапхананың маңызының зор екендігін көрсетеді.
Ғылыми кітапхана әр оқу ғимаратында орналасқан абонементтер мен оқу залдарынан тұрады. Оқу залдарындағы орын саны 1100-ден асады.
Ғылыми кітапхана жыл сайын 40-45 мың дана басылымдармен толықтырылып тұратын 2 млн. данаға жуық қорға ие. Ғылыми кітапханадағы оқырман саны 19 мың адам, олар тек студенттер ғана емес, сонымен қатар ұстаздар мен профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер және оқу саласына көмек көрсетуші аппарат пен түрлі қызметкерлер.
Әр жыл сайын кітапхана 900 мыңдай келім санын тіркейді, 1,9 млн. дана кітап, журнал, газет қолға береді. 700-ден аса Қазақстан және Ресей мерзімді басылымдарына жазылады.
Ғылыми кітапхана өзінің ақпаратқа бай қорын түгелдей оқырманға қызмет көрсетуде пайдаланады. Осы мақсатта түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Көрмелер, түрлі әдебиеттерді көрсету үшін ашық көрмелер ұйымдастырылады және ай сайын «Кітап әлеміндегі жаңалық» атты ақпараттық бюллетень шығарылады.
1998 жылдан бастап кітапхана тәуелсіз бүкіл қазақстандық қоғамдық ұйым – Қазақстан Республикасының кітапханалар ассоциациясының мүшесі болып табылады. Ол өз еркімен кітапхана ісімен, библиографиялық және ақпараттық қызметпен айналысатын мамандарды біріктіретін ұйым. 2002 жылдан бастап кітапхана Қазақстан Республикасының Ақпараттық Консорциумының мүшелігіне ие.
Ғылыми кітапхана үнемі оқу жүйесіне көмек көрсету мақсатында, студенттерге білім беруде жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін іздеу үстінде.
Ғылыми кітапхананың халықаралық байланыстары да ұлғая түсуде, ТМД елдерінің кітапханаларымен және шетел кітапханаларымен кітап алмасу жүргізілуде.
1998 жылы Интернет-залы ашылды. Ол университет студенттерін дүниежүзілік ақпарат жүйесі Интернетке шығарды. Евразия қорының қолдауымен 1999 жылы екінші Интернет-залы ашылды, ал 2004 жылы тағы 2 Интернет-зал ашылды. Жылына Интернет-залдарына 35 мыңнан аса адам келеді. Интернет-залдарында оқырмандарға түрлі қызмет көрсетіледі.
1999 жылдан бастап кітапхана оқулықтарды электронды түрге айналдыруда, қазіргі таңда 140 оқулық электронды түрге көшірілген. Ғылыми кітапхана Интернет жүйесіне университет ғалымдарының еңбектерін енгізуде, оның ішінде университет ректоры және проректорларының еңбектері көрсетілген. Ғылыми кітапхана туралы ақпарат Интернетте http:\\lib.kaznu.kz сайтында орналасқан.






