Ғылыми бағыттар

Қазақстан тарихы кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары Қазақстан тарихының барлық кезеңдерін қамтиды. Кафедра аясындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасы президентінің жолдауымен,"Халық тарих толқынында" бағдарламасымынтығыз байланысты. Осы бағытта кафедра қызметкерлері теле-радио бағдарламаларға белсенді қатысуда және отандық, шетелдік басылымдарда еңбектерін жариялауда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы М. Тажиннің төрағалығымен өткен ұлттық тарихты зерттеу бойынша ведомстаралық жұмыс тобы отырысы хаттамасының пунктын іске асыру бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде «Орталық Азияның дәстүрлі өркениетін зерделеу» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Орталықтың директоры болып ежелгі түрік тайпалары тарихын зерделеу бойынша белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков тағайындалды.

Орталықтың мақсаты: әлемдік тарихнамадағы таным әдістерін сыни тұрғыдан қайта бағалау контексінде тарихи-салыстырмалық талдау және жаңа әдістемелік тәсілдер негізінде Қазақстан мен Орталық Азия дәстүрлі өркениетінің ғылыми проблемаларын зерттеу болып табылады.

  • Көшпенділіктің пайда болуының, әлемнің көптеген халықтарының этногенезіне айрықша ықпал еткен ежелгі түрік даласында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ерте және ортағасырлар мемлекеттік құрылымдарының құрылуы және ыдырауының өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
  • Ұлы Жібек жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлін, оның «Дешті Қыпшақ» көшпенділерінде әлеуметтік ұйымның және этносаяси құрылымның, басқарудың ұлыстық жүйесінің қалыптасуына әсерін анықтау;
  • Қазақ этносын қалыптастырған этноаумақтың, тайпалардың орналасу ареалының қалыптасу үрдісін, Еуразия топонимикасының, дала номадтарының Орталық Азияның шектесіп жатқан көшпелі емес халықтармен саяси және мәдени өзара қарым-қатынастарының аспектілерінің тарихын зерттеу;

Түрік халықтарының базалық этномәдени және өркениеттік ұқсастығының түбірін, Орталық Азия көшпенділерінің дәстүрлі шаруашылығы және мәдениетінің тұтастығы мен сабақтастығын айқындау