Айташева З.Г.

Зауре Ғайнетдинқызы Айташева - биология ғылымдарының докторы, генетика және молекулалық биология кафедрасының меңгерушісі.

З.Ғ.Айташева 1987 жылы кандидаттық диссертациясын, 2004 жылы докторлық диссертациясын қорғады. З.Ғ.Айташеваның 150-ге жуық ғылыми жұмыстары, оның ішінде 1 монография, 4 оқу құралы, 6 авторлық куәлік, патент және алдын ала патенттер жарық көрді.

З.Ғ. Айташева А. фон Гумбольдт (ГФР, 1995-97 жж.) атындағы қордың және сенатор У. Дж. Фулбрайт (АҚШ, 2000-2001 жж.) атындағы бағдарламаның стипендианты болды. Ол Қазақстан ғалымдарының Фулбрайт Ассоциациясының негізін салып, алғашқы таңдаулы президенті (2002-03 жж.) болды және қазіргі кезде Қазақстандағы Гумбольдт Клубының хатшысы міндетін атқарады (2002 ж. бастап).

З.Ғ. Айташева ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысады, «Бидайдың қаттты түктілік жасушаларын зерттеу» және «Бұршақ тұқымдастарының гендік қорын толықтыру» тақырыптары бойынша жұмыс жүргізеді, кафедрадағы аспиранттар мен Ph.D докторанттардың жұмыстарына жетекшілік етеді.