Академиялық мобильділік және сынақ мерзімін өткізу

 

 

 

Журналистика факультетінің оқытушылары мен ғалымдары АҚШ-та, Германияда, Швецияда, Австрияда, Болгарияда, Түркияда, Қытайда және басқа да елдерде өтетін семинарлар мен конференцияларға қатысады. USIA-мен тығыз байланыс нәтижесінде Оклахома мемлекеттік университетімен (АҚШ) өте жақсы қарым-қатынас орнатылған. Пенсильвания мемлекеттік университетімен және басқа шетелдік университеттермен білім-ғылым саласындағы іскерлік байланыстар жанданып келеді.

АҚШ-тың Оклахома мемлекеттік университеті, Солтүстік Каролина Дьюк университетінің саясат және демократия институты, Чаппел Хилл университеті, Мериленд университеті, Австралияның Квинленд университеті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ, МХҚИ, РМГУ және Орталық Азия елдері университеттерінің профессорлары факультетте дәрістер оқиды.
1995 жылдан бері факультеттің 15 оқытушысы АҚШ-тың Оклахома, Калифорния Университеттерінде болып қайтты. Факультет оқытушылары шетелмен тәжірибе алмаса отырып, шетелдік жоғарғы оқу орындарында дәріс оқып қайтты.