Академиялық алмасу бағдарламасы
Болон үдерісі аясында жоғары оқу орындары студенттерінің, оқытушыларының және әкімшілік персоналдың академиялық мобильділігіне үлкен мән беріліп отыр. Магистранттар мен студенттердің мобильділігінің басты мақсаты – таңдап алынған дайындық бағыты бойынша жан-жақты білім алу мүмкіндігі, оларға алдыңғы қатарлы ғылыми мектептер қалыптасқан білім орталықтарына кіруді қамтамасыз ету.
Жапонтану кафедрасы оқытушыларының, магистранттарының және студенттерінің академиялық алмасу бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады: 1. Жапонияның Білім және ғылым министрлігінің гранттары бойынша; 2. Japan Foundation гранттары бойынша 3. Жапония университеттерімен жасалған шарттар бойынша. 2008- 2011жж. Жапонтану кафедрасының 8 оқытушысы, 6 магистранты және 18 студенті Жапонияның ірі жоғары оқу орындарында және тіл орталықтарында тілдік тағылымдамадан өтті: университтер: Цукуба, Васеда, Асахи, Хиросима. Кейо, Канадзава, Халықаралық жапон тілін үйрету орталығы (Кансай қ.) және т.б. Тағылымдамадан өту мерзімі 15 күннен бастап 1 жылға дейін. ПОҚ әдетте екі айлық тағылымдаманы жаз айларында өтеді, студенттер мен магистранттар негізінде жылдық тағылымдаманы өтеді. Тағылымдамадан өту кезінде магистранттар мен студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері бойынша оқиды, жинақ балдарын алады және оқудан келгеннен кейін кредиттерді қайта есептеп енгізеді. ECTS – Кредиттерді қайта есептеудің Еуропалық жүйесі Болон үдерісі аясындағы техникалық және мазмұндық жағынан күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Тазалықты, үйренген материал көлемін салыстыруды, сәйкесінше, біліктілік пен құзыреттіліктің академиялық мойындалу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрал. Оқу жоспарларын салыстыру студенттерге біліктілігіне сәйкес келетін бағдарламаны таңдау мүмкіндігін береді. Оларды сәтті аяқтаған жағдайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де есептеледі. Кредиттер әр курсты аяқтауға қажетті, жалпы жұмыс көлеміне қатысты, университетте толық академиялық жыл бағдарламасына қажетті, лекцияларды, семинарларды, практикалық сабақтарды, өзіндік жұмысты, емтихандарды және сынақтарды қамтитын бағдарламаға қатысты жұмыс көлемін айқындайды.
2010-2011 оқу жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дайындық факультетінде Цукуба университетінің 2 адамы – студент Икеми Ивамото және магистрант Сайто оқиды. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Цукуба университетінің тағы бір студентін оқытуды жоспарлап отырмыз.






